Об установления стимулирующих надбавок в размере 50 (пятидесяти) процентов к должностным окладам сотрудников коммунального государственного учреждения «Областной методический Центр психологической поддержки», подведомственного управлению образования акимата Западно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайызы мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.