Об установлении стимулирующих надбавок в размере 50 (пятьдесят) процентов к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Информационно - аналитический и ресурсный центр по работе с молодежью города Уральск» отдела внутренней политики акимата города Уральск Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз көлемінде ынталандырушы үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына, Орал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 22-3 шешіміне сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақы белгілеудің тәртібі мен шарттары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Басқа 3
Орал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 24-10 шешіміне қосымша Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз көлемінде ынталандырушы үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде әзірленді. «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі»мемлекеттік мекемесіне қарасты коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік басқару органы – жарғыға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
Тармақ 4
4. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
2-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
Тармақ 5
5. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулыда көрсетілген бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т.б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Жергілікті бюджет бюджеттік ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
3-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Орал қалалық мәслихатына жібереді.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 15
15. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы тәртіптік жазаның қолданылу кезеңінде өз қызметкерлеріне еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда ынталандырушы үстемеақы төлеуді тоқтату туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 16
16. Ынталандырушы үстемеақылар «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына, басшы орынбасарына, есепшіге, мемлекеттік сатып алу маманына, бөлім басшысына, кеңесшілерге төленеді.
Тармақ 17
17. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде төленбейді.