Арыс қалалық мәслихатының 5.07.2002 жылғы N 19/175-II «Арыс қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арыс қалалық мәслихатының 5.07.2002 жылғы N 19/175-II «Арыс қалалық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бап 3-тармағының 5-тармақшасына және 9 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 5 шілдедегі қалалық мәслихаттың «Арыс қалалық мәслихатының регламенті туралы» N 19/175-II шешіміне (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 26 шілдедегі тіркелген нөмірі 626, 2002 жылы 20 қыркүйектегі N 38, 28 қыркүйектегі № 39 және 5 қазандағы № 40 «Арыс Ақиқаты» газеттерінде жарияланған, қалалық мәслихаттың 10.01.2004 жылғы № 4/20-III, қалалық мәслихаттың 12.01.2005 жылғы № 14/106-III шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Арыс қалалық мәслихаты регламентінің: осы регламенттің бүкіл мәтіні бойынша «әкімият» деген сөзі тиісті жалғаулары ескеріле отырып «әкімдік» деген сөзбен ауыстырылсын. 13 -тармағында: бірінші абзацтағы «қала прокуроры» деген сөзден кейін «аумақтық әділет органының басшысы» деген сөздерімен толықтырылсын. 24 -тармағында: «қатысушы депутаттардың» деген сөздер «депутаттарының жалпы санынан» сөздерімен ауыстырылсын. 39 -тармақ: мына редакцияда мазмұндалсын: «бірлескен қалалық мәслихат шешімдері мен қала әкімдігінің қаулылары заңнамамен ғана белгіленген мәселелер бойынша қабылданады». 50 -тармағында: үшінші абзацта «Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментіне» деген сөздер «аумақтық әділет органына» деген сөзбен ауыстырылсын. 52 -тармағында: бірінші абзацтағы «облыстық әділет басқармасында» деген сөз «аумақтық әділет органында» деген сөздермен ауыстырылсын. мына мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Бірлескен қалалық мәслихат шешімдері мен қала әкімдігінің қаулыларын рәсімдеу, мемлекеттік тіркеуге ұсыну және әрі қарай жариялау мәселелерімен ондай шешімнің жобасын жасағандар айналысады». 56-тармағында: екінші абзац алынып тасталсын. үшінші абзац мына редакцияда мазмұндалсын: «депутаттардың жалпы саны - қолданыстағы заңнамаларға сәйкес калалық мәслихат үшін белгіленген депутаттар саны болып табылады». 63-тармағында: оныншы абзац мына редакцияда мазмұндалсын: «Қалалық мәслихаттың, оның ішінде қала әкімдігімен бірігіп, бұрын қабылданған шешімдерінің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, егер басқа жолы заңмен немесе осы регламентпен белгіленбеген болса, олар қабылданған тәртіп бойынша жасалады»; 66-тармағында: екінші абзац алынып тасталсын. Мына мазмұндағы 7-1 тараумен және 77-1, 77-2, 77-3 тармақтарымен толықтырылсын: «7-1 тарау. Қала әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есебін қарау. 77-1. Қала әкімінің қалалық мәслихаттың депутаттары алдында есеп беруі қажет болған кезде, бірақ жарты жылда ең кемі бір рет қалалық мәслихаттың сессиясында өткізіледі. Қала әкімінің есеп беруі қалалық мәслихаттың бастамасымен сонымен қатар, қала әкімінің ұсынысы бойынша өткізілуі мүмкін. Осы мәселені сессияның қарауына енгізу, осы регламентте атқарушы органдардың басшыларының есеп беруі, сондай-ақ қалалық мәслихаттың шешімдерін енгізу және қабылдау үшін белгіленген тәртіп бойынша жасалынады. 77-2. Қала әкімінің есебі жазбаша түрде, депутаттардың саны бойынша оны сессияда қарауға дейін екі аптадан кем емес мерзім ішінде қалалық мәслихатқа ұсынылады. Бір уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында да жариялануы мүмкін. Есепті зерттеу, депутаттардың ұсыныстарын жинақтау және шешімнің жобасын дайындау үшін қалалық мәслихаттың хатшысы уақытша депутаттық комиссия құрады. Есеп және шешімнің жобасы алдын ала тұрақты комиссияларда талқыланады. 77-3. Сессияда қала әкімінің есебін қарау уақытша депутаттық комиссияның ақпаратын тыңдаудан және депутаттардың сөз сөйлеуінен басталады. Содан кейін қала әкімі сөз сөйлейді, ол қажет болса өзінің есебін бұрын атап кетпеген мәселелермен, сондай-ақ оны талқылау кезінде депутаттар көтерген мәселелермен толықтырады. Есепті қараудың қорытындылары бойынша қалалық мәслихаттың шешімі қабылданады, оның орындалуы туралы қала әкімі келесі есеп тыңдалуына дейін қалалық мәслихаттың депутаттарына ақпарат беруге тиіс. 142 -тармағында: бірінші абзацта «төрағасына» деген сөзден кейін «немесе мәслихат депутатына» деген сөздермен толықтырылсын. 144 тармағында: үшінші абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Арыс қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.