О внесении изменений в решение 518 32 сессии городского маслихата от 22 декабря 2006 года «Об установлении стоимости разовых талонов и размера единых ставок фиксированного суммарного налога на отдельные виды деятельности на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының «2007 жылға жекеленген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтық салық бағаларының мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы» № 518 шешіміне өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексіне), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ойын бизнесі туралы» Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 22 желтоқсандағы 32 сессиясының «2007 жылға жекеленген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтық салық бағаларының мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы» №518 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8 – 7 – 37 нөмірмен 2007 жылы 2 ақпанда тіркелген, «Ваша газета» газетінде 2007 жылы 10 ақпанда № 6 жарияланған), өзгертулер енгізілсін.
Тармақ 2
2. 3 қосымшасындағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 11 тармақтары алынып тасталсын, 3 қосымша жаңа басылымда қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы шешім қалалық «Ваша газета» газетінде ресми жарияланғаннан кейін, он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 4
Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы 36 сессиясының № 584 шешіміне № 3 қосымша Жеке қызмет түрлеріне салық салу обьектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының мөлшері* № Салық салынатын обьектінің атауы Салық салу обьектісінен тіркелген салық ставкасының бірыңғай мөлшері , айлық есептік көрсеткіштерімен 1. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы 10 2. Көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы 15 3. Ойын жолдары 55 4. Бильярд үстелі 30 5. Лото ұйымдастырушысы 80 *Тіркелген жиынтық салығы ставкаларының бірыңғай мөлшері бір жылға салық салу бірлігіне белгіленген