О внесении изменения в решение 52 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года № 414 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Осакаровского района» Күшін жойған
Басқа 0
Осакаров аудандық мәслихатының
2011 жылғы 25 қазандағы 52
сессиясының № 414 «Осакаров
ауданының тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету Ережесін бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 414 «Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-151 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы № 47 (7271) «Сельский труженик» газетінде, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2011 жылғы 15 қарашада жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің қосымшасы алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В.Бережной) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.