О внесении изменений в решение 52 сессии Осакаровского районного маслихата от 25 октября 2011 года № 414 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Осакаровского района" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-151 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Сельский труженик" газетінің N 47 (7271) санында жарияланған), Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы N 27 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-166 болып енгізілген, "Сельский труженик" газетінің 2012 жылғы 14 сәуірде N 15 (7291) санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін: Орыс тіліндегі шешімінің тақырыбында және 1 тармағында "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын; орыс тіліндегі Ереженің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын; орыс тіліндегі Ереженің кіріспесінде "Настоящие Правила" және "порядок" сөзінен кейін "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын; Ереженің 7 тармағы алынып тасталсын; Ереженің 8 тармағы алынып тасталсын: Орыс тіліндегі Ережеге қосымшада "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.