Об утверждении Правил распределения между участниками внешнеторговой деятельности количественных ограничений (квот) на ввоз графитированных электродов диаметром более 520 мм, но не более 650 мм, или иного поперечного сечение площадью более 2700 см², но не более 3300 см², происходящих из Китайской Народной Республики, без уплаты антидемпинговой пошлины Қолданыста
Басқа 0
Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында
демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларын бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 101 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оның ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сауда комитеті:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға сәйкес демпингке қарсы баж төлемей, Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтардың импортына лицензия беруді жүзеге асыруын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулер (квоталар) туралы мәліметтерді (бекітілген, пайдаланылған және бөлінбей қалған) жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2031 жылғы 17 қаңтарға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасы Сауда
және интеграция министрінің
2026 жылғы « » ____________
№ бұйрығымен
бекітілген
Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 101 шешіміне сәйкес әзірленді және сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) тауар – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 8545 11 002 0 кодымен жіктелетін Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтар;
Тармақша 2
2) квота – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 101 шешімімен белгіленген, жылына 1 000 тоннаға тең, Қазақстан Республикасына демпингке қарсы баж төлемей әкелу үшін рұқсат етілген заттай мәндегі тауардың жыл сайынғы көлемі;
Тармақша 3
3) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар
Тармақша 4
4) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) кеден iсi саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Тармақша 6
6) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2
2-тарау. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге квотаны бөлу тәртібі
Тармақ 3
3. Кеден ісі саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесінші күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға тауар бойынша заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.
Ақпарат әкелуді жүзеге асыратын сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды көрсете отырып, өсу қорытындысымен қоса ұсынылады. Көрсетілген ақпарат тауардың шығарылу күні бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын күнтізбелік жыл басынан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында www.gov.kz демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге квотаны бөлуді бастау туралы хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 5
5. Хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге арналған квота;
Тармақша 2
2) сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге арналған лимит.
Тармақ 6
6. Сыртқы сауда қызметіне әрбір қатысушы үшін демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге арналған лимит 400 (төрт жүз) тоннаны құрайды.
Тармақ 7
7. Демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелу сыртқы сауда қызметіне қатысушыда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган берген лицензия және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган берген тауардың мақсатты тағайындалуын растайтын құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Лицензия алу үшін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға «Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51 бұйрығымен бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) сәйкес тауарды импорттауға лицензия беру туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді, нәтижесінде демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге квотаны бөлу жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында квотаны бөлу Өтініштердің түсу кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Тауар импортына лицензиялар Өтініште көрсетілген мөлшерде әрбір сыртқы сауда қызметіне әрбір қатысушы үшін 400 (төрт жүз) тоннадан аспайтын көлемде жалпы жылдық квотаның шегінде көзделген көлемдер таусылғанға дейін беріледі.
Тармақ 11
11. Лицензияның қолданылу мерзімі лицензия берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
Тармақ 12
12. Лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың импортына лицензияның орындалуы туралы анықтама ұсынады.
Тармақ 13
13. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы өзіне берілген тауарды импорттауға арналған лицензияны оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қайтарған жағдайда, пайдаланылмаған квота қайта бөлуге жатады.
Тармақ 14
14. Демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге квотаны бөлу квота көлемі толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында квотаны бөлу қорытындыларын: тауардың атауын, бөлінген квоталар санын көрсете отырып, демпингке қарсы баж төлемей тауарды әкелуге квота алған өтініш берушілердің жиынтық тізбесін орналастырады.
Тармақ 16
16. Осы Қағидаларға сәйкес квота шеңберінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар әкелген тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілуге жатпайды.