Об областной программе празднования 55-й годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеудегі облыстық бағдарлама туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 07.04.2000 № 84 шешімімен. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығына арналған айтулы іс-шаралардың өткізілуіне байланысты ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеудегі облыстық бағдарлама бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Мерекелік іс-шараларға дайындықтың және өткізудің барысын кең көлемде жариялауды қамтамасыз етуде бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыныс жасалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің жүзеге асырылуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 14 ақпандағы 36 шешіміне қосымша 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеудің бағдарламасы Рет № Іс-шаралардың атауы Өтетін уақыты Орындауға жауаптылар 1. Салтанатты жиналыстар, жергілікті гарнизон жауынгерлерінің парады, облыстың елді-мекендеріндегі ардагерлердің мерекелік шеруі 2000 жылғы 9 мамыр Қалалар, аудандар әкімдері, обләскерком, соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесі (келісім бойынша) 2. ҰОС ардагерлерін қабылдау және құрметтеу 2000 жылғы 8 мамыр Қалалар, аудандар әкімдері, соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесі (келісім бойынша) 3. Мәдени және спорт шаралары (жеке жоспар бойынша) 2000 жылғы 8-9 мамыр Қалалар, аудандар әкімдері, облмәдениет басқармасы, облспорткомитет 4. Ескерткіштер мен обелискілерді қайта жаңарту, жөндеу 2000 жылғы мамырға дейін Қалалар, аудандар әкімдері 5. ҰОС арналған ескерткіштер мен обелискілерге веноктар мен гирляндтар қою 2000 жылғы мамыр Қалалар, аудандар әкімдері, обләскерком, соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесі (келісім бойынша) 6. Еңбек ұжымдарында жастармен соғысқа қатысушылардың кездесуі Жыл ішінде Қалалар, аудандар әкімдері, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары, соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесі (келісім бойынша) 7. Моншалар мен шаштараздарда ҰОС қатысушыларға жеңілдікпен қызмет көрсету Жыл ішінде Қалалар, аудандар әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 8. Ардагерлердің тұрмыс жағдайын зерттеу және қажетіне қарай атаулы көмек көрсету Жыл ішінде Қалалар, аудандар әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 9. «Олар Отан үшін шайқасты» фотокөрмесін әзірлеу 2000 жылғы мамырға дейін Облтарихи-өлкетану мұражайы, ардагерлердің облкеңесі (келісім бойынша) 10. Соғыс ардагерлері мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 55 жылдығы» мерекелік белгілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің естелік сыйлықтары мен естелік құттықтау хаттарын тапсыру 2000 жылғы мамыр Қалалар, аудандар әкімдері, соғыс және еңбек ардагерлерінің облыстық, қалалық және аудандық кеңестері (келісім бойынша) 11. ҰОС Жеңістің 55 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға дайындықтың және өткізудің барысын баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде көрсету, тақырыптық айдарлар ашу және теле, радио хабарларының легін құру Жыл ішінде Қалалар, аудандар әкімдері, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), БАҚ басшылары (келісім бойынша) 12. «Жертөледе сырнай маған шырқайды» әскери-патриоттық солдат әндерінің фестивальін өткізу 2000 жылғы мамыр Облыстық мәдениет басқармасы 13. Соғыс туралы көркем және деректі фильмдердің ретроспективалық көрсетілуін ұйымдастыру 2000 жылғы мамырға дейін Облыстық мәдениет басқармасы 14. Облыстың оқу орындарында айтулы күнге арналған тәрбие-насихат, мәдени және спорт шараларын өткізу жыл ішінде Білім департаменті 15. Соғысқа қатысқандарға 5,0 мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек бөлу 2000 жылғы мамырға дейін Қаржы департаменті, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 16. Соғысқа қатысқандардың Астана қаласына және Ресейдің,Украинаның, Беларустың, Германияның қалаларына айтулы шараларға баруы 2000 жылғы мамыр Қалалар, аудандар әкімдері, облыстық ардагерлер кеңесі (келісім бойынша) 17. Соғысқа қатысушыларға, соғыс жылдарындағы еңбектің ардагерлеріне, қаза тапқан және соғыстан кейін қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне естелік сыйлықтар сатып алу және табыс ету 2000 жылғы 9 мамыр Қалалар, аудандар әкімдері, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері (келісім бойынша) 18. Зерде кітабын шығаруды аяқтау 2000 жылғы мамырға дейін 19. Суретке түсіру және соғысқа қатысушыларға естелік суреттер беру 2000 жылғы 9 мамыр Қалалар, аудандар әкімдері, облыстық ардагерлер кеңесі (келісім бойынша) 20. "Қостанайлық - Отанның батыл қорғаушысы" әуесқой ақындар арасында облыстық конкурс өткізу 2000 жылғы мамыр Облыстық мәдениет басқармасы 21. А. Дударевтің «Ымыртта» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімін өткізу 2000 жылғы сәуір Облыстық орыс драма және қуыршақ театры 22. Қала және облыс ардагерлеріне арналған «Сол ұлы жылдарға тағзым етеміз» қайырымдылық кешін өткізу 2000 жылғы 6 мамыр Облыстық орыс драма және қуыршақ театры 23. «Соғыс әйелге тән емес» солдат жесірлерінің кездесу кешін өткізу 2000 жылғы 8 мамыр Қостанай қаласының мәдениет басқармасы 24. «Соғыс жылдарының әндері» үрмелі әуен сазы кешін өткізу 2000 жылғы мамыр «Юность» ОМҮ 25. «Жан сұлулығы»ҰОС ардагерлері жұмыстарының облыстық көрмесін ұйымдастыру 2000 жылғы мамыр Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 26. Облыстың қалаларында, аудандарында әртістер мен шығармашылық ұжымдардың гастрольдерін ұйымдастыру және «Құтқарылған әлемнің есінде» қорытынды концертін өткізу 2000 жылғы мамыр Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармония 27. Үрмелі оркестрлердің «Бақыты үшін саз силады» марш-парадын өткізу 2000 жылғы 9 мамыр Қостанай қаласының мәдениет бөлімі 28. Жеңіс паркіне «Мәңгі есте қалған жол» мерекелік шеру ұйымдастыру және соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне веноктар қою 29. Қостанай қаласының стадионында «Мәңгі жүрегімізде» театрландырылған қойылымын өткізу және спорт шаралары 2000 жылғы мамыр Облыстық мәдениет басқармасы, облспорткомитет, обләскерком, облыстық ардагерлер кеңесі (келісім бойынша); Қостанай қаласының мәдениет басқармасы 30. Қостанай қаласы көшелерінде «Костанайские новости» газетінің жүлдесі үшін дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафета өткізу 2000 жылғы 5 мамыр Облспорткомитет, «Костанайские новости» газетінің редакциясы (келісім бойынша) 31. Жеңіл атлетикалық жүгіру ұйымдастыру 2000 жылғы 9 мамыр Облспорткомитет 32. Әскерге шақырылатын және әскерге шақырылу жасына дейінгі жастардың спартакиадасын өткізу 2000 жылғы мамыр Облспорткомитет 33. Ат спортының ұлттық түрлері бойынша облыстық турнир өткізу 2000 жылғы мамыр Облспорткомитет 34. «Алтын дала» дәстүрлі марафонын өткізу 2000 жылгы мамыр Облспорткомитет 35. ҰОС ардагерлерінің қатысуымен мерекелік кеш өткізу 2000 жылғы 7 мамыр Қазақстан халықтары облыстық Ассамблеясы 36. С. Баймагамбетовтың қаза тапқан жерінде ескерткіш орнату 2000 жылғы мамыр Қостанай қаласының әкімі, облыстық ардагерлер кеңесі (келісім бойынша) 37. ҰОС ардагер офицерлеріне кезекті әскери атақты беру мүмкіндігін қарастыру 2000 жылғы мамыр Обләскерком 38. Ардагерлерде сақталып қалған соғыс жылдарының жәдігерлерін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жинау 2000 жылғы мамырға дейін Облыстың ардагерлер кеңесі (келісім бойынша); облыстық тарихи-өлкетану мұражайы