О территориальной программе празднования 55-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-45 гг. в Западно-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын Батыс Қазақстан облысында мерекелеудің аумақтық бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығына әзiрлiк және өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қазандағы N 1629 және 2000 жылдың 10 ақпаны N 202, 1999 жылғы 18 қарашадағы N 229 ертеде алынған қаулылары негiзiнде ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстің 55 жылдығын Батыс Қазақстан облысында мерекелеудiң аумақтық бағдарламасы бекiтілсiн.
Тармақ 2
2. Толық қамтамасыз етiлмеген және Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен соғысқа қатысқандардың отбасыларын тыл еңбеккерлерiн әлеуметтiк қамту мақсатында 2000 жылдың 22 сәуiрiнде облыста қайырымдылық сенбiлiгi өткiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкiмдерi, басқарма басшылары, комитеттер, ұйымдар, кәсiпорындар, оқу орындары мен шаруашылық субъектiлерi аумақтық жұмыстардың орындалуының шараларын алсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) аумақтық шаралардың орындалуы үшiн 2000 жылдың облыстық бюджетiнде қаралған қаражат мөлшерiн бөлетiн болсын.
Тармақ 5
5. 1999 жылдың 18 қарашасындағы N 229 шешiмiнiң 2-бабының өзгеруiне байланысты: Комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн: Б.Т. Мырзахметов - облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы. М.К. Оңғарбеков - Сырым ауданы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары. Ш.Ш. Отарбаев - Батыс Қазақстан облысы ҰҚК департаментiнiң бастығы (келісімі бойынша) Комиссия құрамынан шығарылсын: А.Ш. Әжiғалиев, Е.А. Әжiбаев, Б.Е. Оразалин.
Тармақ 6
6. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсiн.
Басқа 7. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын Батыс Қазақстан облысында мерекелеудiң аумақтық бағдарламасы
Облыс әкiiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 41 шешiмiмен бекiтiлген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын Батыс Қазақстан облысында мерекелеудiң аумақтық бағдарламасы N/N Шаралардың атауы орындауға жауаптылар өткізу мерзiмi 1. Облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығына арналған ақпараттық науқанды кеңінен өрістету. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң дүние жүзiлiк қоғамның дамуындағы маңызы, Ұлы Отан соғысына қатысушы - батыс қазақстандықтардың тағдыры, республикада және облыста 55 жылдықты мерекелеудi өткiзу туралы айдарлар, бөлiмдер ашу, материалдар жариялауды кеңiнен насихаттап көрсету. Жеңiстiң 55 жылдығы құрметiндегi облыстағы салтанатты шараларды өткiзуге және Ұлы Отан соғысына қатысушы-ардагерлердi құрметтеу шараларына белсендi қатысқан кәсiпорындар мен басшыларды ерекше атап көрсету. М.И. Құлшар Ш.А. Өтемiсов Қ.Ш. Қарағойшин С.П. Кульпин қаңтар-мамыр 2000ж 2. Кинофикация желiлерiнде және облыстық теледидарда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына арналған ретроспективтi фильмдер циклiн көрсетудi ұйымдастыру. М.К. Омарғалиев Ш.Ө. Өтемiсов қаңтар-мамыр 2000 ж. 3. Барлық мәдениет мекемелерiне Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығына арналған тақырыптық қөрмелер, құжаттар мен материалдар стендiлерiн және Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң жастармен кездесулерiн ұйымдастыру. Қала, аудандар әкiмдерiнiң орынбасарлары М.К. Омарғалиев Қ.Ш. Қарағойшин қаңтар-мамыр 2000 ж. 4. Облыстың барлық оқу орындарында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң тарихи ролi мен маңызы туралы тәрбие-насихат жұмыстарын өткiзiп отыру. Ұлы Отан соғысына қатысушыларды шақыра отырып, шығармалар, тәрбие сағаттары конкустарын өткiзудi, "Майдангерлер" клубының және басқа да ардагерлер ұйымдарының қатысуы мен концерттер берудi ұйымдастыру. Е.С. Катаев Жоғары оқу орындарының ректорлары. Облыстық ардагерлер кеңесi қаңтар-мамыр 2000 ж. 5. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезiнде қаза болғандар мен хабарсыз кеткендерге арналған "Зерде кiтабын" шығару жұмыстарын аяқтау. Г.Қ. Мұқатаев А.Ш. Хамитов М.З. Мухитдинов қаңтар-мамыр 2000 ж. 6. Суретшiлердiң жеңiстiң 55 жылдығына арналған облыстық көрмесiн өткiзудi ұйымдастыру М.К.Омарғалиев наурыз-сәуiр 2000 ж. 7. Жеңiс күнiне арналған әскери-патриоттық солдат әндерiнiң фестивалiн өткiзу М.К. Омарғалиев Қ.Ш. Қарағойшин сәуiр 2000 ж. 8. Жеңiс күнiне арналған облыстық спорт-бұқаралық шаралар өткiзудi ұйымдастыру М.А. Сапашев Қ.Ш. Қарағойшин сәуiр-мамыр 2000 ж. 9. Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагерлерге және майданда қаза болғандардың жесiрлерiне құрмет көрсету, сыйлықтар тапсыру үшiн, олардың бәрiн кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге бекiту жөнiнде ұйымдастыру шараларын алу. М.И. Құлшар Қала, аудандар әкiмдерiнiң орынбасары сәуiр-мамыр 2000 ж. 10. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы оқиғаларына және оған қатысушыларға арналған облыстағы обелискiлердi, ескерткiштердi, аллеяларды, скверлер мен алаңдарды тәртiпке келтiру және қажеттi жөндеу-жұмыстарын жүргiзу. Орал қаласындағы Жеңiс алаңына ескерткiш стелласын тұрғызу жөнiндегi құрылыс жұмыстарын аяқтау. Қала, аудандар әкiмдерi наурыз-сәуiр 2000 ж. 11. Ұлы Отан соғысының мүгедектерiн және тұрмысы төмен соғысқа қатысушыларды, солдат жесiрлерiн, соғыс жылдарында тыл еңбеккерлерiн қолдау мақсатында арнайы сенбiлiктер жариялау және өткiзу. Қала, аудандардың әкiмдерi сәуiр 2000 ж. 12. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналып салынып жатқан Орал қаласындағы 70 пәтерлiк 5 қабатты үйдiң құрылысын аяқтау жөнiнде шаралар алу. А.Ф. Маючий В.К. Мұқатаев А.В. Сыздықов А.Ш. Хамитов 1-жарты жылдық, 2000ж. 13. Алғашқы кезекте тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан мүгедектерге жеңiл машиналар алуларының шараларын қарастырып оны тапсырып отыру. В.К. Мұқатаев А.Ш. Хамитов Б.Т. Мызрахметов сәуiр мамыр 2000 ж. 14. Ұлы Отан соғысына қатынасушыларға әлеуметтiк көмектер көрсетудiң шараларын алу (үйлерiне дәрiгерлiк көмек, коммуналдық қызметтерге, транспортпен қалада жүрулерiне жәрдемдер көрсету) т.б. Қала, аудандар әкімдері 1-тоқсан 2000 жыл 15. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығына орай Астана және Мәскеу қалаларында өткізілетін салтанатты шараларға қатысу үшін Ұлы Отан соғысына қатысушылардан облыстық делегацияның дер кезінде жүріп кетуін және қатысуын қамтамасыз ету. Қала, аудандар әкiмдерi. Облыстық әскери комиссариаттар мамыр 2000 ж. 16. Облыстық барлық елді мекендерінде соғыс ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің мерекелік шеруін, салтанатты жиналыстар, концерттер өткізу Қала, аудандар әкімдері, облыстық, қалалық, аудандық әскери комиссариаттар 8-9 мамыр 2000 ж. 17. Әскери парад, Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагерлер шеруiн өткiзу және ескерткiштер мен мемориалдарға гүл шоқтарын қою. В.Қ. Мұқатаев Г.Қ. Мұқатаев 9 мамыр 2000 ж. 18. Соғыс ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерiне салтанатты жағдайда Ұлы Жеңiстiң 55 жылдығына арналған мерекелiк белгiлер, ескерткiш сыйлықтар және Қазақстан Республикасы Президентiнiң және облыс әкiмiнiң құттықтау ашық хаттарын тапсыруды ұйымдастыру. Қала, аудандар әкiмдерi. Облыстық, қалалық, аудандық әскери комиссариаттар. мамыр 2000 ж.