О создании государственного учреждения "Воинская часть 5547" Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "5547 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы Құқық бұзушылықтардың алдын алу деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласында орналастыра отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "5547 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекемені қаржыландыру 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 004 "Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі әскерлердің қызметтері" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеменің штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері штат санының лимиті шегінде белгіленсін;
Тармақша 2
2) Мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қызылорда облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Мекемені орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне беру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: "1. Мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 64-1-жолмен толықтырылсын: "64-1. 5547 әскери бөлімі.".
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов