О передаче проектно-сметной документации и недостроенной 57-квартирной блок-секции 121 квартирного жилого дома по ул.Пролетарской в г.Усть-Каменогорске Күшін жойған
Басқа 0
Өскемен қаласындағы Пролетар көшесіндегі 112-пәтерлі
тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаты мен құрылысы бітпеген
57-пәтерлі блок-секциясын беру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Облысты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 1997 жылғы қорытындылары
туралы" облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 477-к шешiмiн орындау
мақсатында және Өскемен қаласы Пролетар көшесiндегi 121-пәтерлi тұрғын
үйдiң 57-пәтерлi блок-секциясының құрылысын аяқтау үшiн:
Тармақ 1
1. Құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасы
(Никитин Н. Л.) :
- Пролетар көшесiндегi 121 пәтерлi тұрғын үйдiң 57-пәтерлi
блоксекциясының құрылысын аяқтау жөнiнде тапсырысшы болсын;
- мердiгерлiк ұйымды белгiлеу үшiн тендерлiк комиссияға қажеттi
құжаттарды онкүндiк мерзiмде ресiмдесiн.
Тармақ 2
2. Өскемен қаласының әкiмi (Лукин А. А. ) аталған объектi бойынша
жобалау-сметалық құжатты белгiленген тәртiпте бiр апта мерзiмi iшiнде
құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасына (Никитин
Н. Л.) берсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) тұрғын үй құрылысын
аяқтау үшiн облыстық бюджеттiң бос қалдықтары есебiнен құрылыс, тұрғын үй,
сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасына (Никитин Н. Л. ) 30000, 0
мың теңге бөлсiн.
Тармақ 4
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
Н.Т. Носиковқа жүктелсiн.