Об утверждении Правил по оказанию материальной помощи отдельным категориям граждан в связи с празднованием 58 годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 58 жылдығын мерекелеуге байланысты жекелеген азаматтардың санаттарына материалдық көмек көрсету жөнiндегi Ереженi бекiту туралы Аудан бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына, Заң күшi бар «Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының 20-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлген Ұлы Отан соғысының 58 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету жөнiндегi ережесi бекiтiлсiн (Қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсiн.
Басқа 3. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 58 жылдығын мерекелеуге байланысты жекелеген азаматтардың санаттарына материалдық көмек көрсету жөнiндегi Ережесi
Федоров ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 11 наурыздағы № 54 қаулысына қосымша 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 58 жылдығын мерекелеуге байланысты жекелеген азаматтардың санаттарына материалдық көмек көрсету жөнiндегi Ережесi
Тармақ 1
1. Осы ереже 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 58 жылдығын мерекелеуге байланысты жекелеген азаматтардың санаттарына материалдық көмек көрсету тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Материалдық көмек «Федоров аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасымен» мемлекеттiк мекемесiмен тағайындалады.
Тармақ 3
3. Материалдық көмекке Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiнiң, Ауғанстан мемлекетiнiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан: интернационалистер-жауынгерлерiнiң, Ұлы Отан соғысының қаза тапқан жауынгерлердiң жесiрлерiнiң, Ұлы Отан соғысы жылдары қайсарлық еңбек еткен үшiн бұрыңғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғалардың, фашистiк концлагерлерiнiң тұтқындарының құқығы бар.
Тармақ 4
4. Материалдық көмек жоғарыда көрсетiлген санаттарға тұлғалардың жататындығын куәландырылатын құжаттарға сәйкес тағайындалады.
Тармақ 5
5. Материалдық көмек келесi мөлшерiнде тағайындалады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектерiне, Ауғанстан жерiнде әскери әрекеттерге қатысушы интернационалдарға-жауынгерлерге - 1000 теңгеден;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқандар жесiрлерiне, бұрыңғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған иегерлерiне Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен қажырлы еңбектерi үшiн, фашистiк концлагерь тұтқындарына - 700 теңгеден.
Тармақ 6
6. Материалдық көмек төлеу жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырылады.
Тармақ 7
7. Төлемнiң тiзбесi «Федоров аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасымен» мемлекеттiк мекемесiмен ұсынылады.
Тармақ 8
8. Материалдық көмектің төленуі Қазақстан Республикасы халық банкінің тиісті операциялар түрлеріне лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіппен конкурстың жеңімпаз ұйымдар арқылы іске асырылады.