Об утверждении Правил по оказанию материальной помощи отдельным категориям граждан в связи с празднованием 59 годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г. Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 59 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету жөніндегі ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және аудан әкімдігінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № а-4/68 қаулысына сәйкес аудандык мөслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1941-1945 жылдардағы-Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 59 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санатарына материалдық көмек көрсету жөніндегі ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі аудандық тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиіс.
Басқа 4
Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 3С-7/1 шешімімен бекітілген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістін 59 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету жөніндегі ереже Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Заңының 31-бабы 14-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар “Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оған теңестірілгендерге берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы” 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Жарлығының 20-бабына сәйкес және 2001 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, “Бюджеттік жүйе туралы” Қазақстан Републикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының негізінде және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 59 жылдығын мерекелеуге байланысты әзірленді және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні - мемлекеттік мерекесіне материалдық көмек беру тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 59 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы ақшалай көмек беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мереке - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Бұланды ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары материалдық көмек алуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Материалдық көмек көрсету үшін аудан әкімдігінің жанынан өкілетті, атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссия құрылады (бұдан былай Комиссия).
Тармақ 4
4. Материалдық көмек адамдардың жоғарыда аталған санаттарға жататыны туралы растайтын құжаттары болса ғана тағайындалады.
Тармақ 5
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне материалдық көмек беру туралы шешім берілген құжаттарының негізінде Комиссияның қарауына ұсынылады. Отырыстың хаттамасына Комиссия мүшелері тегіс қол қояды.
Тармақ 6
6. Материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Материалдық көмектің мөлшері
2. Материалдық көмектің мөлшері
Тармақ 7
7. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін материалдық көмектің мөлшері комиссияның шешімімен белгіленеді.
Тарау 3. 3. Материалдық көмекті төлеу тәртібі
3. Материалдық көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 8
8. Тізім құруды және материалдық көмекті төлеуді аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жүргізеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мереке - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесі карсаңында материалдық көмекті төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен банк операциясының сәйкес түріне лицензиясы бар Банктер арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне материалдық көмек көрсетуге жұмсалатын қаржының шығындалуын бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.