О6 очередном призыве граждан 1975-1984 годов рождения на срочную военную службу в апреле-июне 2002 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
ҚР Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери кызметке 2002 жылғы сәуірі-маусым айларында 1975-1984 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 11.09.2002 № 9-229 шешімімен.
Қазакстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес және Қазакстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 8 сәуірдегі «Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді эапасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылғы сәуір-маусым айларында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы» № 844 Жарлығына сәйкес облыс Әкімі ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметін басқару және бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын, 2002 жылғы сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді қызметке шақыруды жүргізу әскери комиссариаттар арқылы қамтамасыз етсін және автокөлік бөлсін.
Тармақ 3
3. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Ж.А. Мейрембаев) шакыру пунктінде телефон байланыстарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (А. Дүйсекеев):
- облыстық, аудандық және қалалық шақыру комиссияларын білікті дәрігер-мамандармен және орта буынды медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;
- шакырылушылардың уакытылы әдістемелік-нұсқаулыктардың талаптарына сәйкес дәрігерлік іріктелуін камтамасыз етсін;
- шақырушыларды ВИЧ инфекциясына және СПИД-ке акысыз тексерумен қамтамасыз етсін;
- аудандар мен қалалардың бас дәрігерлері медициналык тексеру мен емдеудің сапасына көңіл аударуына дербес жауапкершілікте болсын.
Тармақ 5
5. Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (К.Ж. Жәйшібекова; жастарды қазақстандық" патриотизмге, Отан қорғаудағы конституциялык міндетін мүлтіксіз орындауға қажетті тәрбие жұмысын жандандырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық спорт және дене тәрбиесі жөніндегі басқарманың бастығы (Ә.Ж. Жайлаубеков) әскер жасындағы жастар арасында бұқаралык-спорт және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандырсын, кәсіпорындар мен оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығына бақылаулық тексеруді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (М. Сәтқалиев) әскери комиссариаттарды шақыру жүргізуге байланысты жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстың әскери комиссары (Т.Р. Мәукебаев) осы шешімнін орындалу барысы туралы 2002 жылғы 20 шілдеге дейін хабардар етсін.
Тармақ 9
9. Шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің әскери-жұмылдыру жөніндегі бөлімінің бастығы Б. Тұрғанәлиевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Облыс Әкімінің 2001 жылғы 4 қазандағы № 10-125 шешімнің күші деп есептелсін.
Басқа 11
Облыс Әкімінің
2002ж. сәуірдегі «11»
№ 4-68 шешіміне қосымша
Облыстық шақыру комиссиясынын Құрамы
Комиссияның төрағасы
Долженков В.А. - Облыс Әкімінің бірінші орынбасары
Комиссия орынбасары төрағасының
Мәукебаев Т.Р. - Облыстың әскери комиссары
Комиссия мүшелері
Аюбаев М.А. - Облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығынның орынбасары
Тұрсынмұратова Б.Е. - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Әдиев А.М. - Облыстық әскери комиссариаттың әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы
Перкин С.И. - Облыстық әскери комиссариаттың әскери-дәрігерлік комиссиясы төрағасынын орынбасары
Теңізбаева М.З. - Облыстық шақыру комиссиясының хатшысы
Фетер Н.Н. -Облыстық шакыру комиссиясының хатшысы
Алматы және Талдықорған
қалаларында дәрігер-мамандар
және орта буын медициналық
персоналдары (негізгі және
резервтегі құрам)
-облыстық денсаулық сақтау
басқармасы бастығының және
облыстық әскери комиссариаттың
әскери - дәрігерлік комиссиясы
төрағасының бұйрығымен бірге бекітіледі.