О реализации Постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 июля 1995 года № 931 «О государственном градостроительном кадастре» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Мемлекеттік қалақұрылыс кадастр жөнінде» № 931 1995 ж. 6 шілдедегі қаулысының жүзеге асыру туралы
Атырау облысында инженерлік-геологиялық және өткен жылдарды объектілерді есепке алу материалдары, елді мекендер аумағында жер учаскелерін бөлу, мөлтек-аудандардағы, елді мекендердегі жобалау желілерінің материалдары, жерлерді есепке алу құжаттары, қолдағы бар картографиялық-жобалау материалдары, т.б. анықтау және талдау жасау барысында нақты жұмыстар атқарылуда.
Жоғардағы қаулыны жүзеге асыру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық сәулет және сәулеттік-қалақұрылысын бақылау департаменті Атырау қаласында және облыс аумағында Мемлекеттік қала-құрылыс кадастрын құруға және жүргізуге тапсырыс беруші болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық сәулет және сәулеттік-қалақұрылысын бақылау департаменті (І. Санабаев) облыс әкімінің қарауына:
- облыс көлемінде Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрын құру және жүргізу шараларының бағдарламасын 1998 ж. Қараша айының 5-не дейін;
- облыстық ұйымдар мен мекемелерге жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша ақпаратты табыс ету және қолдау ретін қараша айының 15-не дейін ұсыныс берсін.
Тармақ 3
3. Қаланың және аудан орталықтарының әлеуметтік-экономикалық комплекстік бағалау жобаларын, қалақұрылыстық факторлерін есепке алу үшін, облыстық сәулет және сәулеттік-қалақұрылысының бақылау департаментінде Мемлекеттік қалақұрылыс кадастрын құруға, қалақұрылысын жобалау ұжымдарын, қалалық сәулет бөлімінің шаруашылық есептегі жобалау бюросын, Атырау облысының жылжымайтын мүлік орталығын және Атырау қаласы мен аудандардың әкімдерін қатыстырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалауын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Борисенкоға жүктелсін.