О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 1996 г. N 166 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы № 166 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық пен оның аумақтық органдарының жұмысын қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: "1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 166 қаулысымен бекiтiлген 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру Ережесiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: екiншi абзацтағы "айына екi рет (2 және 17 күндерi)" деген сөздер "айына бiр рет (айдың 2-күнiнен кейiн)" деген сөздермен ауыстырылсын; бесiншi абзац мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Кредиттер ашуды қазынашылық шешiмдермен белгiленген лимиттер шегiнде және республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлген болжамдық (күтiлетiн) қаражат түсiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады".