О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1996 года N 562 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен. Мемлекеттiк мүлiктi сату жөнiндегi саудаластықты өткiзуге байланысты қызметтi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 166-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 11-мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Мiндеттемелерi кәсiпорынның активтерiнiң құнынан асқан жағдайда кәсiпорынның бастапқы бағасы кәсiпорын активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсiпорын бiрлiгi балансының 360-жолы)"; 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Егер мiндеттеме кәсiпорынның құрылымдық бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнынан асқан жағдайда бастапқы баға кәсiпорын бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсіпорын бiрлiгi балансының 360-жолы)"; 19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "90 проценттен аса тозған негiзгi құралдар негiзгi қорларды ұлғайту коэффициентiн ескере отырып, баланстық қалпына келтiру құнының 10 процентi мөлшерiнде бағаланады"; III бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "III. Саудаластықта сату кезiнде шаруашылық серiктестiктерi акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және жарғылық қордағы үлестерiн бағалау"; мынадай мазмұндағы 3-бөлiмшемен толықтырылсын: "3. Шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау. 30. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау үшiн осы Ереженiң 26-тармағына сәйкес акциялардың есеп айырысу құнын (АЕҚ) айқындау формуласы бойынша алынған шаманы серiктестiктiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң проценттiк шамасына көбейтiп, 100%-ке бөлу керек".