О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июня 1996 года N 710 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.20. N 958 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 26, 223-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің тәртібінде:
13-тармақтың төртінші абзацында:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі және" деген сөздер алынып тасталсын;
"Мемлекеттік (Ұлттық) баяндама" деген сөздер "жиынтық талдамалы есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының бар жерлері, олардың сапалық жай-күйі және пайдаланылуы (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда, республика бойынша) туралы жиынтық талдамалы есепті алқада қарайды және бұйрықпен бекітеді.";
бесінші абзацта "Қазақстан Республикасының Үкіметі", "Баяндамамен бірге жиынтық" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі", "жиынтық талдамалы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.