О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июня 1996 года N 711 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 маусымдағы N 711 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Ипотекалық кредиттерді қамтамасыз ету үшін жер учаскелері және жер пайдалану құқығы кепілінің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 маусымдағы N 711 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 27, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспедегі: "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1995 ж., N 24, 159-бап) және "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1995 ж., N 24, 165-бап) Заң күші бар Жарлықтарына" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1995 ж., N 24, 165-бап) Заң күші бар Жарлығына" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Ипотекалық кредиттерді қамтамасыз ету үшін жер учаскелері және жер пайдалану құқығы кепілінің тәртібіндегі: 2-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: "Кепіл берушіге жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесі кепіл болуы мүмкін"; 11-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.