О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1996 года № 562 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен. "Қарағанды облысында мемлекеттiк меншiктi басқаруды жетiлдiру, қаржы тәртiбiн нығайту, экономикалық реформаларды жеделдету мен тереңдету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қазандағы N 1260 және "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 21 қазандағы N 1289 қаулыларына сәйкес және жекешелендiру бағдарламасының орындалуын жеделдету және өтiмсiз мемлекеттiк мүлiктi сатуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 166-құжат) бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ережеге мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 5-тармақтағы "(аукцион, тендер)" деген сөздерден кейiн "Өтiмсiз жекешелендiру объектiлерiн сату саудаластық кезiнде сатып алушылар ұсынған баға бойынша жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында аталған жекешелендiруге жататын өтiмсiз объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiтедi.