О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 1997 года N 170 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Ескерту Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.01.11. N 41 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 P970170_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 6,46-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "қызметкерлердің қолданылып жүрген заңдарда көзделген қосымша ақылар мен үстеме ақыларды қоса алғандағы бұрынғы алып жүрген жалақысынан төмен болған жағдайда, сол лауазымда істеп жүрген жұмысын жалғастырғанда ұйым осы қызметкерлерге еңбекақы қоры шегінде айырмасын төлеуді жүзеге асырады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.