О пересмотре постановления Конституционного Совета Республики Казахстан от 6 марта 1997 года N 3 в части официального толкования пункта 1 статьи 79 Конституции Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру бөлігінде қайта қарау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов және Кеңес мүшелері Қ.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық басқармасының сот жүйесі мәселелері жөніндегі бөлім меңгерушісі П.А.Пақырдіновтің, Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың, Республика Әділет вице-министрі С.Н.Баймағанбетовтің, Республика Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімгершілігі жөніндегі комитеттің төрағасы В.М.Борисовтың қатысуымен, өз бастамасы бойынша ашық отырыста Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысын қайта қарау туралы мәселені қарады. Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны - Конституциялық Кеңестің мүшесі С.Ф.Бычкованы және отырысқа қатысушыларды тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Конституцияның 79-бабының 1-тармағын түсіндірген кезде, Конституциялық Кеңестің қайта қаралып отырған қаулысының уәждеу бөлігінде мынадай деп атап көрсетілген: "Аталған Жарлықтың 8-бабының 1-тармағына сәйкес бірінші сатыдағы соттарда істерді қарауды судья жеке, ал ерекше жағдайларда тұрақты үш судьяның құрамында жүзеге асырады" (7-тармақтың екінші абзацы); "Қолданылып жүрген заңда белгіленген тұрақты судьялардан тұратын соттармен салыстырғанда бұрын болған халық соттары және басқа елдердегі қазіргі ант берген судьялар судьялардың тұрақтылық және кәсібилік сияқты белгілерін иеленбейді" (7-тармақтың үшінші абзацы). Конституциялық Кеңес қаулысының қаулы алу бөлігінде мынадай деп белгіленген: "...7. Конституцияның 79-бабының 1-тармағының нормасы мен сот құрылысы туралы қолданылатын заң соттар тек кәсіби, тұрақты судьялар құрамында құрылатынын ескереді. Республикада қолданылатын құқық бойынша соттарды басқа құрамда құру ескерілмеген". Республика Конституциясының 79-бабының 1-тармағына ресми түсіндірмені Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы N 284-I Заң қабылданғанға дейін берген болатын, бұл заң Негізгі Заңның 75-бабының 2-тармағын мынадай ережемен толықтырды: "заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады". Осылайша, Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысының уәждеу бөлігі 7-тармағының екінші және үшінші абзацтары және қаулы алу бөлігінің 7-тармағы 1998 жылғы 7 қазандағы редакциясындағы Республика Конституциясының 75-бабының 2-тармағына сәйкес келмейді. Баяндалғанның негізінде, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын және 2, 3-тармақтарын, 31-33-тармақтарын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысы ережелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының 1-тармағын "алқа соты институтын" құру мәселесі бойынша ресми түсіндіру бөлігінде күші жойылсын. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысының уәждеу бөлігі 7-тармағының екінші және үшінші абзацтары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысының қаулы алу бөлігінің 7-тармағы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.