О ходе выполнения в Жылыойском и Макатском районах Указа Президента РК от 6 марта 1997 года № 3398 «О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства» и решения акима области по реализации Указа Қолданыста
Басқа 0
ҚР Президентінің 1997 жылғы наурыздың 6-ғы № 3398 «Шағын кәсіпкерліктің дамуын арттыру және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» жарлығының және облыс әкімінің осы жарлықты іске асыру туралы шешімінің Жылыой және Мақат аудандарындағы орындалу барысы туралы
ҚР Президентінің 1997 ж. 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерліктің дамуын арттыру және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» жарлығының және облыс әкімінің осы жарлықты іске асыру туралы шешімін орындауында Жылыой және Мақат аудандарының әкімдерімен бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Шағын бизнесті қолдау және дамыту жөнінде аудандық бағдарламалар жасалып қабылданды, кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыс оптары құрылды. Аудан әкімдері қабылдаған шешімдердің орындалу барысы әлде неше рет алқа мен жұмыс мәжілістерінде қаралды. Кәсіпкерлерге жер учаскелері пайдаланбайтын өндіріс обьектілері мен алаңдар, аяқталмаған құрылыс обьектілері беріледі.
Сонымен қатар аудан әкімі аппараты мен аудандар мекемелерінің жұмыстарында бірқатар кемшіліктер орын алып отыр.
Халық тұтынатын тауар және ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын кәсіпкерлерге көмек және мемлекеттік қолдау көрсету жеткіліксіз дәрежеде, бұрынғыдай кәсіпкерлер арасында тауар делдалдық іспен айналысу басым болып отыр. Екінші дәрежедегі банк-несие жолдарының мүмкіндігін пайдалану баяу. Шетелдік несие желілерімен қаржылану мәселесі іс жүзінде қолданылмай отыр.
Аудандарда жер учаскелерінің бағасын анықтау, бөліп беру процесін тездету жұмыстары әлі де болса қолға алынбай отыр. Мемлекеттің меншіктері обьектілерді қайтарымсыз бергізу немесе сенімді басқармаға дейін өз меншігіне алу құқықтығымен беру мәселелері баяу шешілуде.
Әкімдермен кәсіпкерлік қызметті жүргізудің болашағы мен мүмкіншіліктерін түсіндіру жөнінде жүргізіліп отырған жұмыстардың деңгейі жеткіліксіз.
Жеке кәсіпкерліктің шағын бизнесін дамыту, халықтың жұмыссыз топтарын жаңа құрылымға тарту, рынокты халық тұтынатын тауарлармен толтыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жылыой (Жұмағұлов Т.Т.) және Мақат (Әбілғазиев И.Т.) аудандарының әкімдерінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі жұмыстары жеткіліксіз деп танылсын.
Тармақ 2
2. Аталған аудандар әкімдеріне:
- шағын бизнесті дамыту жұмыстарының белсенділігін арттырып, осы мәселе бойынша заңдарды, Жарлықтар мен басқа шешімдердін сөзсіз орындалуын қамтамасыз етсін;
- кәсіпкерлік қызметті енгізудің перспективасы мен мүмкіншілігін халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуге айрықша көңіл бөлсін, теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті рубрикаларын ашсын.
- жергілікті шикізат ресурстары пайдаланылатын кәсіпкерліктің дамуының ең басты бағыттар бойынша басымды тауар номенкулатурасының тізбесін 1998 жылғы 15 қаңтарға дейін әзірлесін.
- барлық несие желілері бойынша бизнес жобалар санын көптеп тапсырылуын қамтамасыз етсін. Кәсіпкерлердің бизнес жобаларының әзірлеуіненнесие алуға дейінгі жүрісін бақылауға алсын.
- 1998 жылғы ақпанның I-не дейін бизнес мектеп және инкубаторлар ашсын.
- 1998 жылғы қаңтар айынан бастап ай сайын кәсіпкерлікті қолдау мәселесі бойынша аудан мекемелерінің басшыларын тыңдау, қабылдау журналдарын ашу, жергілікті органдардың қызметкерлерімен бірлесіп тиісті кесте құрып, кәсіпкерлерді қабылдау ұйымдастыру іс жүзіне енгізсін.
Тармақ 3
3. Қабылдаған шаралар туралы 1998 жылдың I наурызына дейін хабарласын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын қадағалау облыстық экономика және сауда Бас басқармасына (С.Алпатанов) жүктелсін.