О внесении изменений и дополнений в Положение "О порядке государственной регистрации юридических лиц", утвержденное приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 6 февраля 1998 года № 129 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 6 ақпандағы № 129 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі" туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 15.01.1999 № 3. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 2 наурыздағы және "Қазақстан Республикасының жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын, "Ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік бойынша деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 Қаулысын орындау мақсатында бұйырамын: Қазақстан Республикасы әділет министрінің 1998 жылғы 6 сәуірдегі N 129 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы" Ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қағидасы";
Тармақша 2
2) Қағиданың мәтіні бойынша "заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімі" деген сөздер "заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 7-тармақта: екінші, үшінші және алтыншы абзацтарындағы "1997 жылдың 20 қазанына" деген сөздер "1998 жылдың 15 маусымына" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы он бесінші және он жетінші абзацтармен толықтырылсын: "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы 1998 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы"; "Ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік бойынша деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 Қаулысы";
Тармақша 4
4) 10 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Заңды қайта ұйымдастыруда мынадай жағдайларында тіркелуге жатады: - қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлға өзінің түрін (ұйымдық-құқықтық нысанын) өзгертеді, бұл ретте тіркеуші органға тапсыру актісін табыс етіледі. Өз қызметін тоқтатқан (қайта ұйымдастырылған) ұйым заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен шығарылып тасталуы тиіс, бұл жөнінде қайта құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелімі туралы бұйрықта көрсетіледі. Бұл жағдайда құрылтайшылық құжаттардың түпнұсқалары және өз қызметін доғарған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік алынуы тиіс; - қосылған кезде екі және одан артық заңды тұлғалардың қызметі доғарылады, олардың негізінде тіркелуге жататын бір заңды тұлға құрылады. Өз қызметін доғарған заңды тұлғалардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері тапсыру актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға көшеді. Қайта құрылған заңды тұлғаны тіркеуді жүзеге асырған кезде әділет органы өз қызметін доғарған ұйымдарды заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен шығарып тастайды, бұл жөнінде құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі. Бұл жағдайда құрылтайшылық құжаттардың түпнұсқалары және өз қызметін доғарған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік алынуы тиіс; - бөлінген кезде заңды тұлғаның қызметі тоқтайды, оның негізінде екі және одан артық заңды тұлға құрылады. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Бөлінуге жататын заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері бөлінетін балансқа сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға көшеді. Өз қызметін доғарған ұйымдар заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен шығарылуы тиіс, бұл жөнінде бір мезгілде жаңадан құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі. Құрылтайшылық құжаттардың түпнұсқалары және өз қызметін доғарған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік тіркеуші органға тапсырылады; - бөлініп шыққан кезде бір заңды тұлғаның құрамынан бір және одан артық заңды тұлғалар бөлініп шыққан жағдайда бөлініп шыққан заңды тұлғалар тіркелуі тиіс. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері бөлінетін балансқа сәйкес олардың әрқайсысына көшеді";
Тармақша 5
5) 11.1-тармақтың екінші абзацы, 12.1-тармақтың 1-бөлігінің екінші абзацы және 18.1-тармақтан бөлігінің екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мемлекеттің үлесті қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестіктері мемлекеттің үлесті қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестіктерінің тізілімін ұстаушының (бұдан әрі - тізілім ұстаушы) функцияларын жүзеге асыратын уәкілді органның белгісі соғылған өтінішті табыс етеді";
Тармақша 6
6) 13-тармақ мына редакцияда жазылсын: - Тіркеуші орган: заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеуге алудың нысан қосып, тіркелген, қайта тіркелген және таратылған заңды тұлғалардың тізбегін ай сайын модемдік байланыс бойынша, ал қажет болған жағдайда-қағазға бастырып немесе дискет түрінде Агенттікке жіберуге міндетті; "10 күн ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің жүргізілгені туралы статистика органдарына және тізілім ұстаушыға хабарлайды (N 6а қосымшаны қараңыз)";
Тармақша 7
7) 17-тармақта: үшінші, төртінші абзацтар және 3-бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын; 6-бөлік "статистиканың" деген сөзден кейін белгіленген нысанға сәйкес және "тізім ұстаушыны" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 8
8) 18.2-тармақта үшінші сөйлем алынып тасталсын;
Тармақша 9
9) 18.3-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеуге алынғаны туралы мемлекеттік статистика органына (N 14 қосымшаны қараңыз) және тізілім ұстаушыға (N 6а қосымшасын қараңыз) 10 күн ішінде жазбаша хабарласын";
Тармақша 10
10) 22.1-тармақтың екінші абзацы "нысаны" деген сөзден кейін "(мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және серіктестіктер үшін тізілім ұстаушының белгісі соғылған өтініш)" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 11
11) 22.2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: "Мемлекеттің үлесті қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің, шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы тізілім ұстаушыға 10 күн ішінде хабарласын" (N 6а қосымшаны қараңыз)";
Тармақша 12
12) 22.3-тармақтың алтыншы абзацы "статистика" деген сөзден кейін "және тізілім ұстаушы (мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестері жөнінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 13
13) 28.1-тармақта екінші сөйлем алынып тасталсын;
Тармақша 14
14) 28.2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, алтыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын: "- таратуды тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш, мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестіктері үшін тізілім ұстаушының белгісі соғылған өтініш; - бюджет алдында берешегі жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы; - заңды тұлғаның мөрі";
Тармақша 15
15) 28.3-тармақта: 1 бөлік мынадай мазмұндағы 6 абзацпен толықтырылсын: "- заңды тұлғаның мөрін жою және осы туралы акті жасау"; 1 бөлікте жетінші абзац "статистика" деген сөзден кейін және тізілім ұстаушы (мемлекеттің үлестік қатысуы бар мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, шаруашылық серіктестіктері жөнінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 16
16) 33-тармақ мынадай мазмұндағы 2-бөлікпен толықтырылсын: "Мемлекеттің үлестік қатысуы бар заңды тұлғаны тіркеуден бас тартқан жағдайда тіркеуші орган бас тарту жөнінде тізілім ұстаушыны 10 күн ішінде хабардар етеді";
Тармақша 17. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
17) аталған Ережеге қосымшада: барлық қосымшалардағы "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы ережеге" деген сөздер "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын; N 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын: Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қағидасына N 1-қосымша _____________________________ Заңды тұлғаларды тіркеуді ______________________________ жүзеге асыратын органның атауы ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ _____________________________________________________________________ құрылтайшының немесе оның өкілінің тегі, аты-жөні _____________________________________________________________________ заңды тұлғалардың құрылғандығы және оның жарғысының бекітілгендігі _____________________________________________________________құрылған туралы шешім (жиналыс хаттамасы) _____________________________________________________________________ ____________________________________________________ тіркеуге ұсынады Заңды тұлғаның бірінші басшысы (жоғарғы лауазымды тұлға) ____________ _____________________________________________________________________ тегі, аты-жөні Қызметтің негізгі түрлері (керегін сызу керек): инвестициялық, банктік (банктік операциялар), сақтандыру, биржалық, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет, басқалар: ________________________________ _____________________________________________________________________ Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны __________________________ _____________________________________________________________________ Меншік түрі _________________________________________________________ Заңды тұлғаның орналасқан жері (мекен-жайы) _________________________ _____________________________________________________________________ Жарғылық қор ________________________________________________________ Шетел инвесторларының қатысуы (ия, жоқ) _____________________________ Үлгілік жарғының негізінде әрекет етеді (ия, жоқ) ___________________ Өтінішке қоса беріледі: 1. 2. 3. Өтініш беруші __________________ 199__жылғы "____" __________ қолы Ескерту: Өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын ЖШС және ҚЖС үшін өтініште олардың атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болып табылса) немесе атауы, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжатының мәліметтері (егер құрылтайшы жеке тұлға болып табылса) көрсетілген қатысушылардың тізімі көрсетіледі. N 2 - қосымшада: 1.1.1.-тармақта бесінші абзац алынып тасталсын; 1.2.3.-тармақта төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын; 1.2.4.-тармақта төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын; 1.2.5.-тармақта бесінші абзац алынып тасталсын; 2.10.-тармақта: үшінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын: - "нотариалды тәртіппен куәландырылған жарғы (егер серіктестік Үлгі жарғысының негізінде жұмыс істемесе)"; алтыншы абзац алынып тасталсын; 2.11.-тармақта: үшінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын: - "нотариалды тәртіппен куәландырылған жарғы (егер серіктестік Үлгі жарғысының негізінде жұмыс істемесе)"; алтыншы абзац алынып тасталсын; 2.12.-тармақта төртінші абзац алынып тасталсын; Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қағидасы мынадай мазмұндағы 6а - қосымшамен толықтырылсын: Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қағидасына N 6а-қосымша ХАБАРЛАМА _____________________________________________________________________ (тіркеуші органның атауы) 19 жылғы "____" _________________ N _________________өтініш негізінде (өтініштің реттік нөмірі (штамптан қараңыз) _____________________________________________________________________ (құрылтайшы құжаттарға тіркеу, қайта тіркеу, өзгерістер мен __________________________________________________ туралы хабарлайды. толықтырулар енгізу) Толық атауы _________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Қысқартылған атауы __________________________________________________ Тіркеу нөмірі _______________________________________________________ Мемлекеттік тіркеудің күні __________________________________________ Ұйымдастыру-құқықтық нысан __________________________________________ Бірінші басшы (жоғарғы лауазымды тұлға) _____________________________ _____________________________________________________________________ тегі, аты-жөні Бас бухгалтер _______________________________________________________ тегі, аты-жөні Заңды тұлғаның орналасқан жері: Индексі _________________ Облысы ____________________________________ Қаласы __________________ Көшесі ______________________ N үй ________ Телефоны _______________________ Факсы ______________________________ 19 жылғы "_____" _______________________ жағдай бойынша жарғылық қор ____________________________________________________________ құрайды. __________________________ _________________ Тіркеуші органның басшысы қолы * жазба түрі, қайта тіркеудің күні мен негіздемесі, орналасқан жерінің өзгерісі, жарғылық қордың мөлшері (мем. борыштың мөлшері) көрсетіледі, қайта аталған жағдайда бұрынғы атауы көрсетіледі. N 20 - қосымша мынадай редакцияда жазылсын: Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қағидасына N 20-қосымша ___________________________ (Тізілім ұстаушы) ___________________________ ___________________________ (статистика органдары) ___________________________ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ДОҒАРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА __________________________________________ ҚҰБС тағайындалған кодымен N _________________________________________________________ тіркелген _____________________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы ___________________________________________________ туралы мәліметтер 19 жылғы "____" __________________________ заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тіркеуден шығарылды. Бұл туралы __________________________________________________________ тіркеуші орган шығарған ______________________________________________________ бұйрығы шықты. бұйрықтың күні мен нөмірі ________________ _________________ ______________________ жетекші қолы тегі, аты-жөні