О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1999 года N 532 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 мая 1999 года N 128 "О квоте иммиграции на 1999 год" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы N 532 қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен. "1999 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 мамырдағы N 128 Жарлығын және осы мәселе туралы Үкiмет қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген 1999 жылға арналған шет елдерден көшiп келу квотасына сәйкес 30 репатрианттар (оралмандар) отбасылары облыстың қалалары мен аудандарына N 1 қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.
Тармақ 2
2. Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын қабылдау мен жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу мақсатында N 2 қосымшаға сәйкес облыстық штаб құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық көшi-қон және демография басқармасы:
Тармақша 1
1) өздерiнiң тарихи Отанына қайтуға тiлек бiлдiрген репатрианттарды (оралмандарды) облысқа белгiленген көшiп келу квотасы шеңберiнде қабылдауды ұйымдастырылсын және оларды жайластыруға бақылау жасауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) адамдар мен олардың үй мен мүлкiн қоныстану пункттерiне дейiн тасымалдауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) репатрианттарға (оралмандарға) уақтылы бiр жолғы жәрдемақылар төлеудi, көлiк шығындарын өтеудi және тұрғын үй қамтамасыз етсiн;
Тармақша 4
4) Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қоныстандыруды, қабылдауды және жайластыруды ұйымдастыруға бөлiнген қаржыларды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 5
5) репатрианттарды (оралмандарды) жергiлiктi жерлерде қоныстандыруға және жайластыруға байланысты облыстық басқармалардың және атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) репатрианттарды (оралмандарды) қабылдауды, жайластыруды және оларға қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын туыстық байланыстарына және мамандықтарына қарай еңбекке орналастыру үшiн жинақы қоныстандыру мекендерiн анықтасын;
Тармақша 3
3) белгiленген тәртiппен оларға тұрғын үйлер құрылысы және шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерiн бөлсiн;
Тармақша 4
4) репатрианттардың (оралмандардың) балаларын жергiлiктi бюджеттегi бiлiм беру мекемелерiнде тегiн оқытуды және тәрбиелеудi, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша сыныптар мен мектептер ашу арқылы ересек адамдарды хат тануға, қазiргi кездегi қазақ емлесiне оқытуды ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) репатрианттарға (оралмандарға) кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға, ұлттық кәсiптерiн жаңғыртуға, фермерлiк және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға шағын несиелер бөлiнуiне жәрдемдессiн.
Тармақ 5
5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы:
Тармақша 1
1) облыс аумағына тұрақты тұруға келген репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтiк қамтамасыз ету, оның iшiнде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау мәселелерiн Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес шешсiн;
Тармақша 2
2) репатрианттар (оралмандар) отбасыларының ересек еңбекке қабiлеттi мүшелерiн олардың бiлiктiлiгi мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөнiнде, сондай-ақ оларды қажеттi мамандықтарға даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) репатрианттар (оралмандар) отбасыларының белгiленген мекен жайларына жеткенге дейiнгi жолдарда санитарлық-тазалық талаптарды орындауын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) облысқа келген репатрианттарды (оралмандарды) тегiн медициналық тексеруден өткiзудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) репатрианттарға (оралмандарға) медициналық қызмет көрсетудiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Бiлiм беру департаментi:
Тармақша 1
1) репатрианттардың (оралмандардың) мектеп жасындағы балаларын жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсiн.
Тармақша 2
2) репатрианттар (оралмандар) арасынан жастардың жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсу тәртiбiн белгiлесiн.
Тармақ 8
8. Аумақтық кеден басқармасы:
Тармақша 1
1) қажет болған жағдайда қосымша уақытша кеден постыларын ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Iшкi iстер басқармасы:
Тармақша 1
1) репатрианттардың (оралмандардың) облыс аумағы жолдарында және олардың орналасқан жерлерiнде жеке бастарының және мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) келген репатрианттарды (оралмандарды) уақтылы тiркеудi және республиканың аумағында тұруы мен жүрiп тұруына арналған құжаттарды уақытында рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес түпкiлiктi тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардың қажеттi құжаттарын рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 10
10. Ауылшаруашылық басқармасы:
Тармақша 1
1) репатрианттардың (оралмандардың) меншiк малдарын мемлекеттiк шекарадан олардың тұрақты тұратын мекендерiне дейiн айдауды ұйымдастыруға, тасымалдауға және малдәрiгерлiк тексеруден өткiзуге көмек көрсетсiн.
Тармақ 11
11. Осы шешiмнiң орындалу қорытындысы туралы облыс әкiмi аппаратына үстiмiздегi жылдың 25 желтоқсанына дейiн жазбаша хабарлама беру көшi-қон және демография басқармасына тапсырылсын.
Тармақ 12
12. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Абайдильдинге жүктелсiн.
Басқа 35. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1999 жылға белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларын бөлу
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 8 маусымдағы N 698 шешiмiне N 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1999 жылға белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларын бөлу N п/п Аудандар мен қалалар көшiп келетiн елдiң аты 1999 жылғы квота бойынша барлығы 01.05.99 ж. тұратындар Ауғанстан КХР 1. Абай 19 2. Аягөз 67 3. Бородулиха 10 10 4. Бесқарағай 6 5. Глубокое 22 6. Жарма 206 7. Зайсан 3 3 81 8. Зырян 3 9. Катон-Қарағай 22 10. Күршiм 5 5 68 11. Көкпектi 122 12. Курчатов қаласы 1 13. Лениногор қаласы 161 14. Семей қаласы 15. Тарбағатай 6 6 18 16. Ұлан 205 17. Үржар 6 6 170 18. Өскемен қаласы 31 19. Шемонайха 1 Барлығы 10 20 30 1203 Облыс әкiмi аппаратының жетекшiсi
Басқа 36. Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және жайластыру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 8 маусымдағы N 698 шешiмiне N 2 қосымша Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және жайластыру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы Абайдильдин Т.Ж. штаб бастығы, облыс Јкiмiнiң орынбасары Омаров Б.А. штаб бастығының орынбасары, көшi-қон және демография жөнiндегi басқармасының бастығы Штаб мүшелерi: Болотова О.Г. еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы бастығының орынбасары Өтепов Б.М. облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Бақтыбаев Ж.Т. iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Райсов М.К. денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Малгаждаров А.Б. аумақтық кеден басқармасы бастығының орынбасары Шакенов М.Ш. сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы Сабитов Т.К. жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары Данияров Б.К. мәдениет, спорт және туризм жөнiндегi басқармасының бастығы Коляда Ю.И. мемлекеттiк санэпидемиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Аязбаев Е.М. бiлiм департаментi бастығының орынбасары Ажбеков Р.А. энергетика, индустрия, құрылыс, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыстар жөнiндегi басқарманың жетекшi Облыс әкiмi аппаратының жетекшiсi