О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июня 1999 года N 934 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 934 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жергілікті қаржы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 934 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісім бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен аумақтық қаржы органдарының мүлкін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін.
2-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қаржы
органдары таратылсын.
2-3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген
тәртіппен аумақтық қаржы органдарын таратуды жүзеге асырсын.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.