О внесении изменений в решение акима области от 6 августа 1999 года № 161 «О комиссии по развитию малого предпринимательства при акиме области» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің «Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы» 1999 жылғы 6 тамыздағы № 161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Облыс басшылығындағы кадрлар өзгерiсiне және комиссияның кейбiр мүшелерiнiң басқа жұмысқа ауысуына байланысты ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1. Комиссия мүшелерi:
1. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi облыстық комиссия төмендегi құрамда бекiтiлсiн: Асқар Қайыртайұлы Нұрғалиев - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Комиссия мүшелерi: Марат Мәулетжанұлы Әбдiрахманов - облыстық салық комитетiнiң бастығы Берiк Әдiлгерейұлы Батаев - облыстық кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту департаментi директорының мiндетiн атқарушы Әнес Қаресұлы Iзтiлеуов - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Валерий Алексеевич Кондратенко - Қазақстан Республикасы табиғи монополияны реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң директоры Шолпан Жұматайқызы Махмудова - "Шағын бизнес орталығы" ассоциациясының Директоры Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң "Облыс әкiмi жанында шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия туралы" 1999 жылдың 6 тамыздағы N 161 шешiмiнiң N 2 қосымшасының күшi жойылды деп танылсын.