О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 марта 1999 года № 207 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы № 207 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2004 № 1119 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, Заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеме болып қайта ұйымдастыруға жататын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы мекемелердің тізбесіндегі: реттік нөмірі 51-жол алынып тасталсын; реттік нөмірі 53-жолдағы "аймақтық" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.