О мерах по выполнению Постановления Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1999 года № 532 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 мая 1999 года № 128 «О квоте иммиграции на 1999 год» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"1999 жылға арналған қоныс аударушылардың квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы № 128 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Казақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 532 Қаулысын орындау жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. "1999 жылға арналған қоныс аударушылардың квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы № 128 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 532 Қаулысын орындауда ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері, көші-қон және демографияның облыстық бөлімі (А.А.Қаражанов): Монғолия мен Пакистаннан келіп жатқан репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз етсін, оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасасын (1 қосымша); Заңға сәйкес қоныс аударушыларға арналган жер қорынан тұрғын үй салу мен шаруашылық жүргізулері үшін жер учаскелерін бөліп берсін; репатрианттарды (оралмандарды) және олардың үй мүліктерін көшіп шығатын мемлекеттерден қоныстанатын жерлеріне дейін тасымалдау тәртібін белгілесін; Монголия мен Пакистаннан тарихи отандарына қайта оралуға тілек білдірген репатрианттар (оралмандар) отбасыларын белгіленген квотаға сәйкес көшіріп әкелуді ұйымдастырсын; тұргын үй алу, біржолғы жәрдемақы төлеу, материалдық көмек көрсету және көлік қызметіне берілетін өтемақы жөнінен кезек күттірмес шаралар қабылдасын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбеқ, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы: (О.А. Киколенко): репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңдарына және халықаралық келісімдерге сәйкес оларға зейнетақы және жәрдемақыларды белгілеу мәселесін шешсін; репатрианттар (оралмандар) отбасыларының мүшелерін олардың біліктілігі мен мамандығына сәйкес қабылдасын, сондай-ақ оларды қажетті мамандықтарға оқытсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (С.Ж.Жорабеков) мыналарды қамтамасыз етсін: репатрианттардың (оралмандардың) Қазақстан аумағы және орналасатын жерлері бойынша жолда келе жатқанда жеке және мүліктік қауіпсіздігін; репатрианттарды (оралмандарды) уақытылы тіркеуді, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақгы тұруға арналған кұжаттарды ресімдеуді; Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тілек білдірген адамдарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қажетті кұжаттарды ресімдеуді.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) облысқа келіп жатқан репатрианттарды (оралмандарды) тегін медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырсын, орналасатын жерлеріне дейін ұйымдасқан түрде тасымалдау кезіңде оларға медициналық көмек көрсету үшін медқызметкерлер бөлсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім департаменті (Г.Г. Шек), қалалар және аудандар әкімдері: қажет болған жағдайда кәсіби оқу орындарында өтпелі оку жоспарлары және қысқартылған мерзім бойынша қосымша оқытуды үйымдастырсын, Пакистаннан келіп жатқан ересек адамдарды сауаттылыққа, қазіргі қазақ әліпбиіне оқытуды ұйымдастырсын; жергілікті бюджеттегі білім мекемелерінде репатрианттардың (оралмандардың) балаларын оқытсын және тәрбиелесін, қажет болған жағдайда репатрианттардың (оралмандардың) балаларын мемлекеттік тілде оқытатын қосымша сыныптар ашсын.
Тармақ 6
6. Өздерінің тарихи отанына қайтып оралуға тілек білдірген отандастарымызды көшіріп әкелуге байланысты мәселелерді жедел қарау үшін репатрианттарды қабылдау және орналастыру жөнінде облыстық комиссия құрылсын. Репатрианттарды қабылдаушы қалалар және аудандар әкімдері осы сияқты комиссиялар құрсын (2 қосымша).
Тармақ 7
7. Қалалар және аудандар әкімдері бір апталық мерзім ішінде облыстық көші-қон және демография бөліміне туыстық және шаруашылық өндірістік байланыстарын ескере отырып репатрпанттарды (оралмандарды) шоғырландыра орналастыруға арналған елді мекендердің тізбесін және меншік нысанына қарамастан олар жұмысқа орналастырылатын кәсіпорындардың, ұйымдар мен шаруашылықтардың тізімін берсін.
Тармақ 8
8. Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сақтау басқармалары, облыстық білім, ауыл шаруашылығы департаменттері, облыстық көші-қон және демография бөлімдері 1999 жылғы 10 желтоқсанға дейін осы шешімнің орындалуы туралы акпарат түсірсін.
Басқа 9. Репатрианттардың (оралмаңдардың) отбасыларын қабылдау және орналастырудың 1999 жылға арналған квотасын бөлу
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 24 мамырдағы № 139 шешіміне 1 қосымша Репатрианттардың (оралмаңдардың) отбасыларын қабылдау және орналастырудың 1999 жылға арналған квотасын бөлу Реттік саны Қалалар және аудандар әкімдері Барлығы Қоныстанатын отбасылар саны Монғолия Пакистан 1. Алтынсарин 2. Аманкелді 3. Әулиекөл 10 10 4. Денисов 5. Жанкелдин 6. Житикара 7. Қамысты 8. Қарабалық 10 10 9. Қарасу 10. Қостанай 10 10 11. Мендіқара 10 10 12. Науырзым 13. Сарыкөл 10 10 14. Таран 15. Ұзынкөл 5 5 16. Федоров 5 5 17. Арқалық қаласы 18. Қостанай қаласы 19. Лисаков қаласы 20. Рудный қаласы ЖИЫНТЫҒЫ: 60 30 30
Басқа 10. Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және орналастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 24 мамырдағы № 139 шешіміне 2 қосымша Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және орналастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға Қаражанов Акшал Ахметұлы - облыстық көші-қон және демография бөлімінің бастығы,төрағаның орынбасары Комиссия мүшелері: Ирина Петровна Аронова - аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың атқарушы директоры ( келісім бойынша) Ғұмар Ғарифұлы Ахметчин - облыстық "Қостанай таңы" газетінің редакторы Римма Ғабдолқызы Ғайсенова - "Қостанай облыстық мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Едіге Моддахметұлы Ғалымжанов - облыстық денсаулық сактау басқармасының бастығы Мереке Қасымұлы Дихаев - жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің төрағасы (келісім бойынша) Галина Юрьевна Доценко - облыстық Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамының төрайымы (келісім бойынша) Серік Жорабекұлы Жорабеков - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Жеңіс Әйтімұлы Қожмүхаметов - Қостанай облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасының бастығы Ольга Андреевна Киколенко - облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Мырзағазы Кұзенбайұлы Күржікеев - "Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі облыстық департамент" мемлекеттік мекемесінің директоры Жанділда Қожахметұлы Мақанов - Қостанай облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы (келісім бойынша) Дәулет Қауазұлы Тәжімақин - Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті директорының орынбасары Қуаныш Төребекұлы Орманов - облыстық телерадиокомпанияның төрағасы (келісім бойынша) Сергей Васильевич Харченко - "Костанайские новости" аймақтық газетінің бас редакторы( келісім бойынша) Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет - облыстық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы (келісім бойынша) Генрих Генрихович Шек - Қостанай облыстық білім департаментінің бастығы Мария Александровна Щеглова - облыстық қаржы басқармасының бастығы