О внесении изменений в решение акима города Усть-Каменогорска от 6 июля 1999 года № 8833 "О содержании и эксплуатации кладбищ в г. Усть-Каменогорске" и признании утратившими силу решений акима города Усть-Каменогорска Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 8833 "Өскемен қаласында зираттарды ұстау және пайдалану туралы" шешіміне өзгертулер енгізу және Өскемен қаласы әкімінің шешімдерін күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа ала отыра, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 8833 "Өскемен қаласында зираттарды ұстау және пайдалану туралы" шешімінің 1 тармағы алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Өскемен қаласы әкімінің 2000 жылғы 2 мамырдағы № 1724 "Қалалық зираттарды күтіп ұстау мәселесі бойынша қабылданған Өскемен қаласы әкімінің актілеріне толықтырулар енгізу және күшін жою туралы" (тіркеу нөмірі 323, "Рудный Алтай", 2003 жылғы 1 мамырда, № 65-66, "Дидар", 2003 жылғы 8 мамырда, № 44 жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Өскемен қаласы әкімінің 2006 жылғы 27 шілдедегі № 10 "Өскемен қаласы әкімінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 8833 "Өскемен қаласында зираттарды ұстау және пайдалану туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімінің күші жойылсын.