О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2000 года N 23 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"7616 99 100" деген сандардан кейін "қара және" деген сөздермен толықтырылсын;
"түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын," деген сөздердің
алдынан "7204*, 740400 ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша" деген сөздермен
толықтырылсын;
"сондай-ақ" деген сөздерден кейін "7302, 8607* ТМД СЭҚ ТН кодтары
бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"тек қана темір жол" деген сөздерден кейін "және теңіз" деген
сөздермен толықтырылсын;
"Түсті металдардың" деген сөздер "Қара және түсті металдардың" деген
сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:
"* Тауар номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де белгіленеді.
* Көрсетілген тауарлардың тасымалдау түрлеріне экспортты шектеу
Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.