О внесении изменений и дополнений в решение Акима области "О закупках элитных семян зерновых культур в Российской Федерации" от 6 апреля 2000 г. N 836 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Россия федерациясынан дәнді дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі N 836 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен. Россия федерациясынан дәнді дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу кезінде қосымша құн салығын төлеу жөнінде туған проблемаларға байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Россия федерациясынан дәнді дақылдардың элиталық тұқымдарын сатып алу" туралы облыс әкімінің 2000 жылға 6 сәуірдегі N 836 шешімінің 3 тармағындағы "элиталық тұқымдарды тауарлы астыққа айырбастау" деген сөздер алынып тасталсын. "Элиталық тұқымдарды сатып алу, оны ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне беру және заемдық қаржының облыстық бюджетке қайтарылу механизмі мен шарттары" жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. 4 тармақ мына редакцияда баяндалсын: "тұқым сатып алу операцияларын орындауды, оларды ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне тауарлық несие ретiнде беру және заемдық қаржыны депозиттік шот пен облыстық бюджетке қайтару бағдарлама әкімшісі - облыс ауыл шаруашылығы басқармасына жүктелсін.
Тармақ 3
3. 6 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсін.
Басқа 5. Тұқымдарды сатып алудың, тауарлық астықты айырбастаудың, оларды өткізудің және несиелік қаржыны облыстық бюджетке қайтарудың механизмі және шарттары
Облыс әкімінің 2000 жылғы 13 шілдедегі N 876 шешіміне N 1 қосымша Тұқымдарды сатып алудың, тауарлық астықты айырбастаудың, оларды өткізудің және несиелік қаржыны облыстық бюджетке қайтарудың механизмі және шарттары
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет қайтару негізінде Россия Федерациясынан элиталық тұқымдар сатып алуға 30 миллион теңге бөледі.
Тармақ 2
2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы жабдықтаушымен тұқымдарды сатып алу жөнінде келісім-шарт жасайды, тұқымдарға сараптау жүргізеді.
Тармақ 3
3. Жабдықтаушы Шемонаиха қаласында дейін тұқымдарды жеткізуді ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы облыстық Қазынашылық басқармасында валюталық шот ашады және келісім-шарт негізінде тұқым үшін төлем төлейді.
Тармақ 5
5. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Шемонаиха қаласында жабдықтаушыдан тұқым қабылдайды және шартқа сәйкес оны ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне өсімсіз тауарлық несие түрінде береді. Тұқымдарды әкелу, кедендік ресімдеу, байланыс, уақытша сақтау, мамандардың жол шығындары тұқымның бағасына кіреді.
Тармақ 6
6. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері тұқым төлемін 2 кезекте жүргізеді:
Тармақша 1
1) тауар өндіруші тұқым олар алдында оның құнының 1/3 бөлігін төлейді;
Тармақша 2
2) қалған 2/3 бөлігін астық жинау жұмыстары біткен кезде облыстың ауылшаруашылығы басқармасының депозиттік шотына 2000 жылдың 15 қазанына дейін аударады.
Тармақша 3
3) Элиталық тұқымның барлық сомасын бірінші кезеңде де төлеуге болады.
Тармақ 7
7. Депозиттік шотқа түскен ақшаны облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде облыстық бюджетке аударады. (РНН 180100000010, облыстың Қазынашылық басқармасы, МФО 19001003, е/ш 80500 "Ішкі басқа кредиттеулерді өтеу" төлемінің коды 501509).
Тармақ 8
8. Тұқымды тасу, оның бағасын анықтау, тұқым төлемі, несиелік қаржыны қайтару барысында туған барлық талас заңда белгіленген тәртіппен шешіледі. Облыс әкімі аппаратының басшысы