О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 июля 2000 года № 1021 «Об утверждении Перечня государственных высших учебных заведений, не подлежащих приватизации» и от 4 октября 2023 года № 866 «О некоторых вопросах Министерства культуры и информации Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі»;
реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы
5
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы
»;
реттік нөмірлері 24 және 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
24.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Астана қаласы
25.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы
»;
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
30
«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Семей қаласы
»;
реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
45
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Астана қаласы
»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.