О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 6 февраля 2001 года № 31 «Об утверждении тарифов на медицинские услуги, оказанные в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 ақпандағы «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге тарифтер бекіту туралы» № 31 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Медициналық мекемелердiң жекелеген ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу қажеттiлiгiне байланысты, Қазақстан Республикасы Үкiметiнң 2000 жылғы 27 мамырдағы "Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiн бекiту туралы" № 806 қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 6 ақпандағы "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi шеңберiнде көрсетiлген медициналық қызметтерге тарифтер бекiту туралы" № 31 шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: жоғарыда аталған шешiммен бекiтiлген 1-қосымшаны: 1-тармағында: 3-бағандағы екiншi жол "басқалары" сөзiнен кейiн " № 14, 15, 16 ОДА және" сөздерiмен толықтырылсын; 3 және 4-бағандар мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Павлодар қаласы № 14 ОДА 38,5 Павлодар қаласы № 15 ОДА 42,2 Павлодар қаласы № 16 ОДА 36,7"; 2-тармағында: 4-бағандағы "Ерiксiз түрде емдеу бөлiмшесiнiң" нашақорлықпен ауыратын адамы" жолында "90000" саны "113000" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Облыс қаржы департаментi облыс медициналық қызмет көрсету департаментi үшiн аталған мақсаттарға қосымша 254800 "Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға мамандандырылған көмек көрсету" бағдарламасы бойынша 7000000 (жетi миллион) теңге және 2545400 "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған амбулаториялық көмек көрсету" бағдарламасы бойынша 2555200 (екi миллион бес жүз елу бес мың екi жүз) теңге қарастырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсiн.