О внесении изменений в постановление от 6 июня 2003 года № 550 «Об утверждении Положения о порядке распределения и выплаты единовременной материальной помощи остронуждающимся и малообеспеченным гражданам района» Қолданыста
Басқа 0
2003 жылғы 6 маусымдағы № 550 «Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148- II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14), 17) тармақшаларына сәйкес, ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу туралы аудандық комиссияның кейбір мүшелерінің шығуына және басқа жұмысқа ауысуларына байланысты, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 6 маусымдағы № 550 «Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі жөнінде Қағидасын бекіту туралы» (тіркеу нөмірі 1299, 2003 жылғы 19 шілдедегі № 30 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулының 1 тармағында 1- қосымша осы қаулының 1-ші қосымшасымен жаңа редакцияда мазмұндалсын;
Тармақ 2
2. Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу аудандық комиссияның өзгертілген дербес кұрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Келісілген:
Ұлан аудандық мәслихаттың
Хатшысы
С. Машибаева
«12» сәуір 2006 ж
Басқа 4. Ұлан ауданының ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған
азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу
және төлеу тәртібі туралы комиссиясы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«12» сәуірдегі № 15
қаулысына № 1 қосымша
Ұлан ауданының ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған
азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу
және төлеу тәртібі туралы комиссиясы
Назигуль Усеровна Сейсембина
аудан әкімінің орынбасары, аудандық комиссияның төрайымы;
Алгиза Дуйсембиновна Ибраимова
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, аудандық комиссия төрайымының орынбасары;
Раиса Бекеновна Аскерова
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ардагерлер және мүгедектер істері бойынша бөлім меңгерушісі, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Саркыт Какышовна Машибаева
аудандық мәслихаттың хатшысы (келісім бойынша);
Нурзани Баяхметовна Тусубжанова
аудандық қаржы бөлімінің бастығы
Аудан әкімінің
аппарат басшысы
Ш. Оксумбаева