О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 6 марта 2003 года № 98 "О проведении мероприятий по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территорий Южно-Казахстанской области", зарегистрированное в управлении юстиции Южно-Казахстанской области от 26 марта 2003 года № 847 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 98 "Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiнде iс-шаралар өткiзу туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасында 2003 жылғы 26 наурызда 847 нөмiрмен тiркелген қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" № 148-11 Заңына сәйкес, облыстың аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiнде iс-шараларды өткiзу кезiнде жеңiмпаздарды марапаттау мақсатында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI : Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 6 наурыздағы "Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiнде iс-шаралар өткiзу туралы" № 98 қаулысына (Тiркеу № 847 "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнде 2003 жылдың 7 сәуiрiнде жарияланды) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 2
2-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
"2. Iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзуiн бақылау жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы (№ 1 қосымша) және Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу шарттары мен жеңiмпаздарды марапаттау нысандары (№ 4 қосымша) бекiтiлсiн.". Облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы Облыстық iшкi iстер бас басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы "Южный Казахстан" облыстық газетiнiң бас редакторы "Оңтүстiк Қазақстан" облыстық газетiнiң бас редакторы
Басқа 3. Iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзуiн бақылау жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 98 "Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiнде iс-шаралар өткiзу туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасында 2003 жылғы 26 наурызда 847 нөмiрмен тiркелген қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы облыс әкiмиятының 2003 жылғы 8 қазандағы № 507 қаулысына № 1 қосымша Iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзуiн бақылау жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы Ақылбек Жәкенұлы Әмiралин - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы; Бауыржан Сейiтмұратұлы Ахметов - облыстық құрылыс және көркейту басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Лес Керiмбайұлы Исмаилов - облыстық құрылыс және көркейту басқармасы көркейту бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелерi: Қалыбек Атжан - облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы (келiсiмi бойынша); Бақытжан Құдайбергенұлы Әшiрбаев - облыстық сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасының бастығы; Иса Омар - "Оңтүстiк Қазақстан" облыстық газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша); Аманқұл Медеуұлы Қасымбеков - облыстық iшкi iстер бас басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы (келiсiмi бойынша); Юрий Георгиевич Кирюхин - "Южный Казахстан" облыстық газетiнiң бас редакторы (келiсiмi бойынша); Евгений Анатольевич Самофалов - облыстық құрылыс және көркейту басқармасы бастығының орынбасары; Сұлтанбек Шойынбайұлы Сүгiрбаев - облыстық табиғатты қорғау басқармасының бастығы
Басқа 4. Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу шарттары мен жеңiмпаздарды марапаттау нысандары
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 98 "Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiнде iс-шаралар өткiзу туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасында 2003 жылғы 26 наурызда 847 нөмiрмен тiркелген қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы облыс әкiмиятының 2003 жылғы 8 қазандағы № 507 қаулысына № 4 қосымша Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу шарттары мен жеңiмпаздарды марапаттау нысандары
Тармақ 1
1. Iс-шаралар 2003 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қарашаға дейiн өткiзiледi.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) Iс-шараларды өткiзу барысында жоспарланған барлық жұмыс көлемiн бекiтiлген мерзiмде және сапалы орындасын;
Тармақша 2
2) Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 98 қаулысының 3, 4 және 5 тармақтарында және осы қаулының № 4 қосымшасында қаралған шарттар мен жұмыстар түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) № 2 және № 3 қосымшаларға сәйкес iс-шараларды өткiзу барысында атқарылған жұмыс көлемi туралы қорытынды ақпараттарды 2003 жылғы 5 қарашаға дейiн тапсырсын;
Тармақша 4
4) Iс-шараларды өткiзу кезiнде әрбiр жүлделi орынға үмiткердiң жеке: көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге дейiнгi және өткiзгеннен кейiнгi түсiрiлген суреттерi бар сурет альбомын; аудандық (қалалық) санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан, аудандық (қалалық) сәулет және аумақтарда құрылыс салу бөлiмiнен және облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасынан, қалалар, аудан орталықтары және басқа елдi мекендердiң аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша өткен жылдың осы мезгiлiмен салыстырғандағы қол жеткiзген табыстары мен оң тәжiрибелерi, оның iшiнде тұрғындардан жоспарлы-тұрақты қоқыс шығару жағдайы көрсетiлген анықтамасын тапсырсын.
Тармақ 3
3. Жеңiмпаздарды марапаттау үшiн келесi номинацияларда ақшалай сыйлықтар белгiленедi: «Ең жақсы қала» (Арыс, Жетiсай, Кентау, Ленгiр, Сарыағаш, Түркiстан, Шардара, Шымкент қалалары қатысады). 1 орын 350000 теңге «Ең жақсы аудан орталығы» (Ақсукент, Қазығұрт, Темiрлан, Рысқұлов, Шаян, Шәуiлдiр, Шолаққорған аудан орталықтары қатысады). 1 орын - 300000 теңге «Ең жақсы кент» (Атакент, Асықата, Ащысай, Баялдыр, Көктерек, Қантағы, Қыземшек, Мырзакент, Таукент, Түлкiбас және Састөбе кенттерi қатысады). 1 орын 150000 теңге « Ең жақсы ауыл (облыс қалалары мен аудандарының барлық ауылдары қатысады) 1 орын 120000 теңге 2 орын 105000 теңге 3 орын 95000 теңге 4 орын 80000 теңге 5 орын 65000 теңге 6 орын 50000 теңге 7 орын 35000 теңге
Тармақ 4
4. Жеңiмпаздарды марапаттау осы мақсаттарға қарастырылған облыстық бюджет қаржысы есебiнен iске асады.
Тармақ 5
5. Жеңiмпаздар облыстық комиссия отырысында:
Тармақша 1
1) қаулының № 4 қосымшасының 2 тармағына сәйкес қалалар, аудандар және елдi мекендердiң әкiмдерi тапсырған қорытынды ақпараттары, анықтамалары және сурет альбомдары;
Тармақша 2
2) облыстық құрылыс және көркейту басқармасының анықтамалары;
Тармақша 3
3) облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының анықтамалары;
Тармақша 4
4) облыстық сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасының анықтамалары негiзiнде анықталады.