О внесении изменений в Правила осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан, утвержденные решением от 6 мая 2004 года № 3С-8/2 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2004 жылғы 6 мамырдағы № ЗС-8/2 шешіммен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне толықтырулар епнгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің негізінде Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Бұланды жаршысы» газетінің 02.07.2004 жылдағы № 27 санында жарияланған, Әділет департаментінде № 2556 тіркелген, кейін 2004 жылдағы 21 қыркүйекте № ЗС-13/5 («Бұланды жаршысы» газетінің 15.10.2004 жылдағы № 42 санында жарияланған, № 2816 тіркелген) Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Барлық мәтін бойынша кездесетін "аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің”, “аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде”, "аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімі” деген сөздер сәйкес “Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің” "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде”. “Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын”.
Тармақша 2
2) 1-тарауда: 1-тармақта «258.015 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бағдарламасы» деген сөздер «451007 «Жергілікті өкілетті органдардын шешімімен азаматтардын жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бағдарламасы» деген сөздермен ауысшрылсын. 2-тармақта «Бюджеттік жүйе туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексі» мен Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысымен және «Қазақстан Республикасы бірыңғай бюджеттік классификациясы бойынша бюджеттік денгейлер арасындағы бөлінген кірістер классификациясының бөлінуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 169 бүйрығымен бекітілген Қазакстан Республикасының бірыңғай бюджеттік классификациясы сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақша 3
3) 4-тарауда: 11-тармақта «аудандық бюджет» деген сөздер «республикалық бюджет» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақша 4
4) 5-тарауда 3-тармақта «258.015 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бағдарламасы» деген сөздер «451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бағдарламасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақша 5
5) 6-тарауда 14-тармақта «Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» сөздері «Казақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бакылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиіс. Ескертусіз КЕЛІСІЛДІ Аудан әкімінің орынбасары А.Еслямова 18.02.2005 ж. Ескертусіз КЕЛІСІЛДІ Аудан экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі К.Самойлова 18.02.2005 ж. Ескертусіз КЕЛІСІЛДІ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Г.Павликова 18.02.2005 ж.