О внесении изменений и дополнений в Правила осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 6 мая 2004 года № 3С-8/2 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы №3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2007 жылғы 16 тамыздағы № 3234 тіркелген, Ақмола облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» №А-7/277 қаулысының негізінде және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы №3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне (Әділет департаментінде 2004 жылғы 28 мамырда №2556 тіркелген, «Бұланды жаршысы» газетінің 2004 жылғы 02 шілдедегі №27 санында жарияланған және кейін: Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы №3С-8/2 шешімімен бекітілген, 2004 жылғы 7 қазанда №2816 тіркелген, «Бұланды жаршысы» газетінің 2004 жылғы 15 қазандағы №42 санында жарияланған «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 21 қыркүйектегі №3С-13/5 шешіммен; Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы №3С-8/2 шешімімен бекітілген, 2005 жылғы 10 наурызда №3063 тіркелген, «Бұланды жаршысы» газетінің 2005 жылғы 18 наурыздағы №12 санында жарияланған «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы №3С-17/2 шешіммен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-тармақта «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 4-тармақта: 2-тармақшада «Қатысушылар» деген сөзден кейін «және мүгедектер» деген сөздермен толықтырылсын; келесі мазмұндағы 5-тармақшамен толықтырылсын: «5) Бұланды ауданының Құрметті азаматтары.»;
Тармақша 3
3) 7-тармақта «жылына бір рет» деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) келесі мазмұндағы 9-2, 9-3 келесі тармақтармен толықтырылсын: «9-2. Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек ай сайын «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорыны Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық бөлімшесі берген тізімнің негізінде, қатысушылар мен мүгедектердің жеке шоттарына көшіру арқылы, облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер есебінен көрсетіледі. 9-3. Бұланды ауданының Құрметті азаматтарына әлеуметтік төлем 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, олардың жеке шоттарына көшіру арқылы жылына бір рет төленеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Шешім аудандық газетте ресми жарияланған соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов 25.09.07 ж. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі К.Есмағамбетова 25.09.07 ж.