О внесении изменений и дополнений в Правила осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 6 мая 2004 года № 3С-8/2 Қолданыста
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 14-тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы №3С-8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жасау ережесіне (Әділет департаментінде 2004 жылғы 28 мамырда №2556 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2004 жылғы 02 шілдедегі №27 санында жарияланған және кейін:
«Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 3С 8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне толықтырулар енгізу туралы», Әділет департаментінде 2004 жылғы 7 қазанда № 2816 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 42 санында жарияланған 2004 жылғы 21 қыркүйектегі № 3С 13/5 шешіммен;
«Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы №3С 8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер енгізу туралы», Әділет департаментінде 2005 жылғы 10 наурызда №3063 тіркелген, «Бұланды жаршысы» газетінің 2005 жылғы 18 наурыздағы №12 санында жарияланған, 2005 жылғы 18 ақпандағы №3С 17/2 шешіммен;
«Бұланды аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 мамырдағы №3С 8/2 шешімімен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем жасау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Әділет басқармасында 2007 жылғы 12 қазанда №1-7-52 тіркелген, «Бұланды таңы» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы №14, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы №42 санында жарияланған, 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 4С-3/2 шешіммен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 4-тармақ келесі мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) онкологиялық аурулармен, туберкулезбен, қант диабетімен ауырып, ұзақ уақыт емделген азаматтар, АҚТВ жұқтырған балалар;
7) ауданға жұмыс істеп келген жас мамандар.»;
Тармақша 2
2) келесі мазмұндағы 9-4, 9-5, 9-6 тармақтармен толықтырылсын:
«9-4. Негізгі азық-түліктердің қымбаттауына байланысты тұрмысы төмен азаматтарға ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
9-5. 4-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген адамдарға ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмек көрсетіледі.
9-6. 4-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.»;
Тармақша 3
3) 12-тармақта «, бірақ 20 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. 4-тармақтың 4) тармақшасы бойынша төлемнің мөлшерін комиссия анықтайды, бірақ төлем 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауға тиіс» деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Шешім аудандық газетте ресми жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Бұланды ауданының әкімі
Е.. Нұғыманов
14.03.08 ж.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы К.Есмағамбетова
14.03.08 ж.