О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 6 июня 2005 года N 65 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета операций с приобретенными долговыми ценными бумагами, осуществляемых отдельными субъектами финансового рынка Республики Казахстан" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 6 маусымдағы N 65 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жасайтын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3735 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 6 маусымдағы N 65 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектiлерi жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
Тармақ 2
2-тармақ "жүзеге асыратын" деген сөздердiң алдынан "меншiктi активтерi есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлерiне жiберсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап жетi күндiк мерзiмде оны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларына жiберсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжiяқовқа жүктелсiн.