О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан», от 10 июля 2019 года № 497 «О мерах по реализации Указов Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 и от 1 июля 2019 года № 46 «О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан» и утверждении Плана мероприятий по реализации сельскохозяйственной про Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5-1) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;»; 15-тармақта: 4) тармақшаның он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;»; 350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «350) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 35-11) тармақшамен толықтырылсын: «35-11) ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлік тауарларын өткізуді қамтамасыз ету;».
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
Тармақша 1
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
Тармақша 2
2) жартыжылдық негізде, 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жартыжылдық негізде, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары Р/с№ Іс-ша­ра­ның ата­уы Аяқ­та­лу ны­са­ны Аяқ­та­лу мер­зі­мі Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар Қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі, млн тең­ге Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі 1 2 3 4 5 6 7 I. Заң­на­ма­лық ша­ра­лар 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гінiң кей­бiр мә­се­ле­лерi» ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2005 жы­л­ғы 6 сәу­ір­де­гі № 310 және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік бас­қа­ру жүй­е­сін одан әрі же­тіл­ді­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2019 жы­л­ғы 17 мау­сым­да­ғы № 17 және 2019 жы­л­ғы 1 шіл­де­де­гі № 46 жар­лық­та­рын іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2019 жы­л­ғы 10 шіл­де­де­гі № 497 қа­улы­ла­ры­на өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру ен­гі­зу Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­сы 2025 жы­л­ғы жел­тоқ­сан СИМ, АШМ та­лап етіл­мей­ді 2. Са­ла­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар функ­ци­я­ла­ры­ның ара­жі­гін нақ­ты ажы­ра­та оты­рып, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Са­уда қыз­ме­тін рет­теу ту­ра­лы», «Ор­га­ни­ка­лық өнім өн­ді­рі­сі және ай­на­лы­мы ту­ра­лы», «Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­ді және ауыл­дық аумақ­тар­ды да­мы­ту­ды мем­ле­кет­тік рет­теу ту­ра­лы» заң­да­ры­на өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу: АШМ-ға – ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру мә­се­ле­ле­рі; СИМ-ге – іш­кі және сырт­қы на­рық­тар­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі мен азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын өт­кі­зу, сон­дай-ақ әле­умет­тік ма­ңы­зы бар азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның ба­ға­ла­рын тұ­рақ­тан­ды­ру те­тікте­рін іс­ке асы­ру, АӨК өні­мі­нің та­у­ар қоз­ға­лы­сы жүй­е­сін ұй­ым­да­сты­ру бө­лі­гін­де­гі мә­се­ле­лер НҚА қа­был­дау 2026 жы­л­ғы мау­сым АШМ, СИМ та­лап етіл­мей­ді - II. Өт­кі­зу ар­на­ла­рын ке­ңей­ту және іш­кі на­рық­та ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін іл­ге­рі­ле­ту 3. Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну және қо­на­қүй биз­не­сі жүй­е­сін­де отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін пай­да­ла­ну те­ті­гін әзір­леу HoReCa қол­дау бағ­дар­ла­ма­сын бе­кі­ту 2026 жы­л­ғы мау­сым СИМ, АШМ, ДСМ, ТСМ, ЖАО, Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну қа­уым­да­стығы (ке­лі­су бой­ын­ша) та­лап етіл­мей­ді - 4. Шы­ға­ры­ла­тын өнім­ді өт­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету, шы­ға­сы­лар­ды қы­сқар­ту және отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің қа­ты­су ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру мақ­са­тын­да ко­опе­ра­ция қыз­ме­тін да­мы­ту ке­ңес хат­та­ма­сы 2026 жы­л­ғы та­мыз СИМ, АШМ, ЖАО, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰКП (ке­лі­су бой­ын­ша) та­лап етіл­мей­ді - 5. Отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өт­кі­зу кө­ле­мін ұл­ғай­ту және та­у­ар­лар­ды ті­ке­лей жет­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру мақ­са­тын­да са­уда же­лі­ле­рі­мен және кө­тер­ме құ­ры­лым­дар­мен әріп­те­стік қа­ты­на­стар­ды да­мы­ту ме­мо­ран­дум­дар жыл ішін­де СИМ, АШМ, ЖАО та­лап етіл­мей­ді - 6. Отан­дық өн­ді­ру­ші­лер­ді та­ны­мал ету, өңір­лік бренд­тер­ді іл­ге­рі­ле­ту және отан­дық өнім­нің іш­кі на­рық­та­ғы по­зи­ци­я­сын ны­ғай­ту үшін са­уда же­лі­ле­рін­де мар­ке­тинг­тік іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу на­у­қан­дар­ды өт­кі­зу жыл сай­ын, шіл­де, жел­тоқ­сан, 2026 – 2028 жыл­дар СИМ, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша), са­уда же­лі­ле­рі (ке­лі­су бой­ын­ша) та­лап етіл­мей­ді - 7. Өт­кі­зу ар­на­ла­рын ке­ңей­ту және отан­дық өнім­нің қол­же­тім­ді­лі­гін арт­ты­ру үшін отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің қол­да­ны­с­та­ғы мар­кет­плей­стер­де ұсы­ны­луы мар­кет­плей­стер­ге өнім­ді ор­на­ла­сты­ру жыл сай­ын, шіл­де, жел­тоқ­сан, 2026 – 2028 жыл­дар СИМ, ЖАО, ҰКП (ке­лі­су бой­ын­ша) та­лап етіл­мей­ді - 8. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­ру­ші­ле­рі­нің және ко­опе­ра­тив­тер­дің қа­ты­суы­мен өңір­лік ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жәр­мең­ке­ле­рін өт­кі­зу СИМ-ге ақ­па­рат жыл сай­ын, шіл­де, жел­тоқ­сан, 2026 – 2028 жыл­дар ЖАО та­лап етіл­мей­ді - 9. Өн­ді­ру­ші­лер­ді қол­да­у­ға және азық-тү­лік қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ба­ғыт­тал­ған ба­ға­ны тұ­рақ­тан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры шең­бе­рін­де ӘКК та­ра­пы­нан ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін фор­вард­тық са­тып алу­ды өт­кі­зу жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру АШМ-ге және СИМ-ге ақ­па­рат жыл сай­ын, шіл­де, жел­тоқ­сан, 2026 – 2028 жыл­дар ЖАО, ӘКК (ке­лі­су бой­ын­ша) та­лап етіл­мей­ді - 10. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін сақ­та­уды, сұ­рып­та­уды және өт­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету үшін қо­сым­ша кө­тер­ме-та­ра­ту ор­та­лық­та­рын са­лу қа­жет­ті­гін тал­дау ке­ңес хат­та­ма­сы 2026 жы­л­ғы қа­зан СИМ, АШМ, ЖАО та­лап етіл­мей­ді - 11. Өн­ді­рі­ле­тін өнім­нің ке­мін­де 50 %-ын іш­кі на­рық­қа өт­кі­зу бө­лі­гін­де отан­дық та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ге ар­нал­ған мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­ры шең­бе­рін­де қар­сы мін­дет­те­ме­лер ен­гі­зу­дің қа­жет­ті­гін пы­сық­тау ке­ңес хат­та­ма­сы 2026 жы­л­ғы қа­зан СИМ, АШМ та­лап етіл­мей­ді - 12. ӘМАТ және ши­кі­зат өн­ді­ру­ші­лер­ді ба­сым суб­си­ди­я­лау қа­жет­ті­гін пы­сық­тау ке­ңес хат­та­ма­сы 2026 жы­л­ғы қа­зан СИМ, АШМ та­лап етіл­мей­ді - 13. Отан­дық өнім­ді өт­кі­зу үшін са­уда же­лі­ле­рі мен са­уда ба­зар­ла­рын­да «Жа­сыл сө­ре­лер» жүй­е­сін құ­ру пи­лот­тық са­ту нүк­те­ле­рін іс­ке қо­су 2026 жы­л­ғы қа­ра­ша СИМ, АШМ, ЖАО, Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну қа­уым­да­стығы (ке­лі­су бой­ын­ша) та­лап етіл­мей­ді - 14. Іш­кі на­рық­та отан­дық та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­ді іл­ге­рі­ле­ту­ге жәр­дем­де­су бой­ын­ша «QazTrade Retail» он­лайн-плат­фор­ма­сын құ­ру және әкім­ші­лен­ді­ру пи­лот­тық іс­ке қо­су 2026 жы­л­ғы жел­тоқ­сан СИМ, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша) QazTrade көз­дел­ген қа­ра­жа­ты есе­бі­нен (51,3 млн тең­ге) РБ 15. АӨК өні­мі­нің та­у­ар ай­на­лы­мын ұл­ғай­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ти­ім­ді цифр­лық құ­рал құ­ру мақ­са­тын­да ТҚҰЖ ба­за­сын­да аг­ро­мар­кет­плейс ен­гі­зу цифр­лық плат­фор­ма­ны іс­ке қо­су 2026 жы­л­ғы жел­тоқ­сан СИМ, ЖАО, «Қа­з­ақ­те­ле­ком» АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша) ЕАДБ қа­ра­жа­ты есе­бі­нен 1,0 млн АҚШ дол­ла­ры ЖИ 16. Са­уда ба­зар­ла­рын ли­цен­зи­я­лау те­тікте­рін ен­гі­зу бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық тә­жі­ри­бе­ні тал­дау тал­да­ма­лық ақ­па­рат 2026 жы­л­ғы сәу­ір СИМ, ЖАО та­лап етіл­мей­ді - 17. Іш­кі на­рық­та ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін және оның ел ішін­де өңір­лік ағы­нын іл­ге­рі­ле­ту үшін мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­рын көр­се­ту те­тікте­рін әзір­леу ке­ңес хат­та­ма­сы 2026 жы­л­ғы ма­мыр СИМ та­лап етіл­мей­ді - III. Өт­кі­зу ар­на­ла­рын ке­ңей­ту және сырт­қы на­рық­та ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін іл­ге­рі­ле­ту 18. Кей­ін­нен қол­дау ша­ра­ла­ры­на, өт­кі­зу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на тар­ту, экс­порт­тық іл­ге­рі­ле­ту және ко­опе­ра­тив­тік бір­ле­стіктер­ге қа­ты­су үшін ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­ді (АӨК са­ла­сы субъ­ек­ті­ле­рі­нің ке­мін­де 20 %) ны­са­на­лы ірік­теу те­ті­гін ен­гі­зу 2026 жы­л­ғы экс­порт­тық ак­се­ле­ра­ция бағ­дар­ла­ма­сы 2026 жы­л­ғы на­урыз СИМ, ЖАО, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша) «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді РБ 19. Қы­тай на­ры­ғы­на жет­кі­зі­ле­тін отан­дық өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің но­мен­кла­ту­ра­сын ке­ңей­ту ке­ңес хат­та­ма­сы 2026 жы­л­ғы жел­тоқ­сан АШМ, СИМ, ЖАО та­лап етіл­мей­ді - 20. Қы­тай және ЕО ел­де­рі на­рық­та­ры­на жет­кі­зі­ле­тін отан­дық мал ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі­нің но­мен­кла­ту­ра­сын ке­ңей­ту ке­ңес хат­та­ма­сы 2026 жы­л­ғы жел­тоқ­сан АШМ, СИМ, ЖАО та­лап етіл­мей­ді - 21. Gulfood және China International Import Expo қо­са ал­ған­да, ха­лы­қа­ра­лық көр­ме­лер мен жәр­мең­ке­лер­ге отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­дің қа­ты­суын ке­ңей­ту отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­дің са­нын ұл­ғай­ту жыл сай­ын, қыр­күй­ек, жел­тоқ­сан, 2026 – 2028 жыл­дар СИМ, АШМ, СІМ, ЖАО, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша) «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді РБ 22. Әріп­те­стік бай­ла­ны­стар ор­на­ту және экс­порт­тық мүм­кін­дік­тер­ді ке­ңей­ту үшін отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін өн­ді­ру­ші­лер­дің қа­ты­суы­мен са­уда-эко­но­ми­ка­лық мис­си­я­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу қа­зақ­стан­дық өнім­ді іл­ге­рі­ле­ту, ке­лі­сім­шар­ттар жа­са­су жыл сай­ын, қыр­күй­ек, жел­тоқ­сан, 2026 – 2028 жыл­дар СИМ, АШМ, ЖАО, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша) «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді РБ 23. Бес кө­лік­тік-ло­ги­сти­ка­лық хаб ау­ма­ғын­да аг­рар­лық экс­порт­ты да­мы­ту, оның ішін­де ве­те­ри­на­ри­я­лық және фи­то­са­ни­та­ри­я­лық стан­дарт­тар мен мар­ке­тинг­тік стра­те­ги­я­ны ес­ке­ре оты­рып, аг­ро­ха­б­тар негі­зін­де да­мы­ту мақ­са­тын­да АӨК өні­мін өн­ді­ру және өт­кі­зу бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру СИМ-ге ақ­па­рат тоқ­сан сай­ын, 2026 жыл Жам­был, Ба­тыс Қа­зақ­стан, Маң­ғы­стау, Түр­кі­стан және Же­ті­су об­лы­ста­ры­ның әкім­дік­те­рі та­лап етіл­мей­ді - 24. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­ар­ла­рын өн­ді­ру­ші­лер­ді экс­порт­тық қыз­мет­те­гі ко­опе­ра­ция және мар­ке­тинг мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша оқы­ту оқы­ту­лар өт­кі­зу үне­мі, 2026 – 2028 жыл­дар СИМ, АШМ, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰКП (ке­лі­су бой­ын­ша) «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді - 25. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­ру­ші­ле­рі үшін экс­порт­тық қыз­мет­те ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін сер­ти­фи­кат­тау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша се­ми­нар­лар (фи­то­са­ни­та­ри­я­лық және ве­те­ри­на­ри­я­лық) өт­кі­зу се­ми­нар­лар өт­кі­зу үне­мі, 2026 – 2028 жыл­дар АШМ, СИМ та­лап етіл­мей­ді - 26. Сырт­қы на­рық­тар­да отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін іл­ге­рі­ле­ту бой­ын­ша ақ­па­рат­тық жұ­мыс ақ­па­рат­тық-жар­на­ма­лық жұ­мыс үне­мі, 2026 – 2028 жыл­дар СИМ, СІМ, ЖАО, QazTrade (ке­лі­су бой­ын­ша) «2026 – 2028 жыл­дар­ға ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес ши­кі­заттық емес экс­порт­ты іл­ге­рі­ле­ту­ге 11,2 млрд тең­ге бө­лін­ді РБ Ескертпе – аббревиатуралардың толық жазылуы: АӨК – агроөнеркәсіптік кешен; «Азық-түлік корпорациясы» АҚ – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; АҚШ – Америка Құрама Штаттары; АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; ӘКК – «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» акционерлік қоғамы; ӘМАТ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары; ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі; ЕАДБ – Еуразиялық Даму Банкі; ЕО – Еуропалық Одақ; ЖАО – жергілікті атқарушы органдар; ЖИ – жеке инвестициялар; ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі; ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік; «Қазақтелеком» АҚ – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы; СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі; СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі; ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі; ТҚҰЖ – Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі; ҰКП – «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы; QazTrade – «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы; HoReCa – қонақүйлер (Hotel), мейрамханалар (Restaurant), дәмханалар (Cafe). ____________________________________________