О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 «Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 598
- Қабылданған күні
- 17.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2023 184041_644526.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000598
- ЭКБ идентификаторы
- 184041
- Редакция идентификаторы
- 184041_644526
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:50
0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді:
астықты өндіруді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық саясат;
2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:
өсімдіктер карантині;
өсімдіктерді қорғау;
селекция және тұқым шаруашылығы;
ветеринария;
балара шаруашылығы;
жайылымдарды пайдалану және қорғау;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;
2-2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;»;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
3-2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады:
жайылымдарды басқару, суландыру, пайдалану және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
тұқым шаруашылығы;
балара шаруашылығы;
ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
өсімдіктер карантині;
өсімдіктерді қорғау;
ветеринария;
асыл тұқымды мал шаруашылығы;
органикалық өнім өндіру және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру;
биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау;»;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4) және 15-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындайды;
15-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттейді;
15-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;
15-4) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын бекітеді;
15-5) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;»;
46) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
80) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 91-1) тармақшамен толықтырылсын:
«91-1) тіркеушіні айқындайды;»;
254) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 300-1), 300-2), 300-3) және 300-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«300-1) мемлекеттік жер кадастрын және жерге мониторинг жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
300-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап арыз дайындайды және береді;
300-3) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтайды және алып қояды;
300-4) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұрады;»;
348) тармақша алып тасталсын;
350) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«350) органикалық өнім өндіру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 447-4) және 447-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«447-4) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама береді;
447-5) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі мен нысанын айқындайды;»;
Министрліктің және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
«34-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
мынадай мазмұндағы 71-1-тармақпен толықтырылсын:
«71-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Самар ауданы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.»;
79-1-тармақ алып тасталсын;
110-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«110-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
249-1-тармақ алып тасталсын.