О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 13-тармақта: 4) тармақшада: бесінші абзацтағы "ветеринариялық қадағалауға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "ветеринария;"; 24) тармақшада "тіркеу" деген сөзден кейін ", өндіру" деген сөзбен толықтырылсын; 26) тармақшада: "бекітеді" деген сөз "келіседі" деген сөзбен ауыстырылсын; "және карантиндік іс-шараларды" деген сөздер "іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды" деген сөздермен ауыстырылсын; 31) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын; 32) тармақшада "инспектордың" деген сөзден кейін "және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың" деген сөздермен толықтырылсын; 39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларды, бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, оларды табыс ету тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;"; 41) тармақшада: "әзірлейді және" деген сөздер алынып тасталсын; "адамдар мен жануарлардың" деген сөздер "жануарлар мен адам" деген сөздермен ауыстырылсын; 140) тармақшада: "(жүктерді)" деген сөз алынып тасталсын; 148) және 149) тармақшаларда "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 163), 164), 165), 166), 167), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183) тармақшалармен толықтырылсын: "163) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітеді; 164) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерінің жобаларын әзірлейді; 165) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ережесін бекітеді; 166) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды; 167) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі; 168) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативін бекітеді; 169) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады; 170) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекітеді; 171) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды; 172) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін бекітеді; 173) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады; 174) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және береді; 175) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штаммдардың пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады; 176) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамалар іріктеу тәртібін айқындайды; 177) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі; 178) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді; 179) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді; 180) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді; 181) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат береді; 182) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді; 183) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;"; 14-тармақта: 3) тармақшада "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "24) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына, аспаптарға, құрал-саймандарға қорытындылар беру;"; 25) тармақшада "ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің" деген сөздермен ауыстырылсын; 30) тармақшада "Қазақстан" деген сөздің алдында "пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және" деген сөздермен толықтырылсын; 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "31) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;"; 37) тармақшада "осы аймақтарда міндетті іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді" деген сөздер "осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлеу және олардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын; 71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "71) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізу, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеу;"; 72) тармақшада "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын; 73) және 74) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "73) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу; 74) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісу;"; 75) тармақшада "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын; 112) тармақшада "елдерде" деген сөз "мемлекеттерде" деген сөзбен ауыстырылсын; 113) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "113) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;"; мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын: "113-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру;"; 114) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "114) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу;"; 121), 122) және 123) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "121) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлау; 122) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; 123) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;"; 124) тармақшада "ветеринариялық" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық" деген сөздермен ауыстырылсын; 125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "125) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;"; 126) тармақшада "ел" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 134) тармақшада "ветеринариялық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын; 162) тармақшада "ветеринариялық қадағалауды" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын; 163) тармақшада "ветеринариялық қадағалау" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын; 165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "165) ішкі сауда объектілерінде, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (өткізу) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру;"; 177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "177) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асыру;"; мынадай мазмұндағы 186-1) тармақшамен толықтырылсын: "186-1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;"; 187) тармақшада "өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттер мен бекеттерге" деген сөздер "фитосанитариялық бақылау бекеттеріне" деген сөздермен ауыстырылсын; 190) тармақшада: "өсімдіктер карантині бойынша" деген сөздер "фитосанитариялық бақылау бекеттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын; "шекаралық пункттер мен бекеттерде" деген сөздер алынып тасталсын; 191) тармақшада "республиканың кәсіпорындарында және рыноктарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 192) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "192) өсімдік текті өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдарға, ішкі сауда объектілеріне, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізу;"; 193) тармақша алынып тасталсын; 194) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "194) мыналарды: Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзудың анықталып жойылғаны туралы; өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалғаны туралы нұсқаманы беру және оның орындалуын бақылау;"; мынадай мазмұндағы 194-1) тармақшамен толықтырылсын: "194-1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жіберу;"; 196) тармақша алынып тасталсын; 199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "199) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;"; 200) тармақша алынып тасталсын; 213) тармақшада "ветеринариялық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын; 214) және 215) тармақшалардағы "ветеринариялық қадағалануға", "ветеринариялық қадағалауды" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға", "ветеринариялық-санитариялық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын; 215) тармақшада "ветеринариялық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын; 224) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "224) жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;"; мынадай мазмұндағы 236), 237), 238), 239) және 240) тармақшалармен толықтырылсын: "236) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және олардың азықтан улану себептері мен жағдайларын табу әрі анықтау; 237) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылау; 238) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылау; 239) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; 240) қызметтің мынадай кіші түрлерін: ветеринариялық емдеу-алдын алуды; ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді; ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларды бақылау.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.