О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 18-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.