О внесении изменений и дополнений в постановление районного акимата от 6 марта 2006 года № 120/3 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета в 2006 году» (НГР 12-6-22 от 13 марта 2006 года) Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына 2006 жылға әлеуметті төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы»
(МТН 12-6-22 2006 жылғы 13 наурыз) № 120/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 – тармағының 14) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аудан әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына 2006 жылға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» (МТН 12-6-22 2006 жылғы 13 наурыз) № 120/3 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына 2006 жылға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» (МТН 12-6-22 2006 жылғы 13 наурыз) № 120/3 қаулысының 2006 жылға сөзі шығарылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына 2006 жылға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқаудың.
2 тармағы келесі мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) 1898 жылдан 1931 жыл аралығында туылған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатуға үлес қосқаны үшін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 61 жылдығын мейрамдау құрметіне;
12) әскери қызмет міндетін орындау уақытында мүгедек болған әскери қызметшілер (Кеңес әскерінің мүгедектері), сонымен қатар бейбіт уақытта әскери қызметін атқару уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына;
13) бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларды жайластыруға;
14) туберкулез ауруының ашық формасымен ауыратын науқастарға;
15) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тістерін протездеу үшін»;
2 тармақтың 2) тармақшасы «11), 12), 13), 14), 15)» тармақшаларымен толықтырылсын;
4 тармақ келесі мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларымен толықтырылсын:
«9) 2 тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – Жеңіс күніне берілетін бір жолғы материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде;
10) 2 тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – Отанды қорғаушылар күніне бір жолғы материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде;
11) 2 тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – емделуі үшін материалдық көмек тоқсанына 1 рет 10 АЕК;
12) 2 тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – бір жолғы материалдық көмек 5 АЕК мөлшерінде;
13) 2 тармақтың 15 ) тармағында көрсетілген санаттар үшін - бір жолғы материалдық көмек 60000 мың теңге мөлшерінде»;
4 тармақтың 1) тармақшасындағы «10000» саны «7000» санымен ауыстырылсын;
4 тармақтың 3) тармақшасындағы «коммуналдық қызметтер үшін өтемақы 5800 теңге мөлшерінде» сөздері «ауданда тұрып жатқан Құрметті азаматтарға Қарттар күніне бір жолғы 15 АЕК материалдық көмек мөлшерінде» сөздерімен ауыстырылсын;
3 тармақ келесі мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) тармақтармен толықтырылсын:
9) 2 тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, СТН, зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталық бөлімімен куәландырылған мәртебесін қосатын тізім;
10) 2 тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – өтем ақы алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, СТН, зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталық бөлімімен куәландырылған мәртебесін қосатын тізім;
11) 2 тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – өтемақы алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, СТН, босатылған жерінен анықтама;
12) 2 тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – өтемақы алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, СТН, аудандық туберкулездік аурухананың анықтамасы;
13) 2 тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – өтемақы алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, СТН, нақты шығыны туралы анықтама».
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.