О внесении изменений в решение сессии районного маслихата от 6 марта 2006 года № 28-1 «Об утверждении ставок по отдельным видам платежей» Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихат сессиясының «Төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды бекіту туралы» 2006 жылғы 6 наурыздағы №28-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-ІІ Кодексінің 373 бабының 2 тармағына, 394, 491, 492 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің өңірлік бөлімінде 2008 жылғы 17 қаңтардағы 13-2-50 нөмірімен тіркелген және 2008 жылғы 24 қаңтардағы аудандық «Аққайың», «Колос» газеттерінде жарияланған және аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №3-6 шешімімен енгізілген өзгерістермен аудандық мәслихат сессиясының «Төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің өңірлік бөлімінде 2006 жылғы 12 сәуірдегі 13-2-27 нөмірімен тіркелген және 2006 жылғы 20 сәуірдегі аудандық «Колос» газетінде жарияланған 2006 жылғы 6 наурыздағы №28-1 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1, 2, 3 қосымшалар жаңа редакцияда мазмұндалсын (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған сәттен он күн өткеннен кейін қолданысқа енпзіледі.
Басқа 3. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері бойынша Аққайың ауданындағы қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар ушін бір күнгі біржолғы талондар құны
Аудандық мәслихат сессиясының
2008 жылғы 22 шілдедегі
№7-2 шешіміне
1 қосымша
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері бойынша Аққайың ауданындағы қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар ушін бір күнгі біржолғы талондар құны
Қызметтің түрлері
Құндық мәні (тенге)
Үй жануарлары мен құстарды бағу
175
Бал сату, тұрақты орындарда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда
117
Жолаушыларды тасымалдау бойынша жеке жеңіл автокөліктермен қызмет көрсету (лицензияланатын тасымалдауды қоспағанда)
234
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсету
350
Саңырауқұлақтарды, жидектерді сыпырғыштарды, сыпыртқыларды сату, тұрақты орындарда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда
117
Балықтарды сату, тұрақты орындарда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда
234
Малдар және құстар үшін жем сату, тұрақты орындарда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда
140
Қосалқы шаруашылық, бағбандық, бақша, саяжай учаскелерінің өнімдерін сату, тұрақты орындарда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда
164
Басқа 4. Қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларының айлық көлемі
Аудандық мәслихат сессиясының
2008 жылғы 22 шілдедегі
№7-2 шешіміне
2 қосымша
Қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларының айлық көлемі
Қызметтің түрлері
Құндық мәні (теңге)
Казино - ойын үстелі
жүзеге асырылмайды
Букмекерлік кеңсе - әр касса
жүзеге асырылмайды
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
жүзеге асырылмайды
Боулинг
жүзеге асырылмайды
Бильярд - әр стол
жүзеге асырылмайды
Ақшасыз ұтыс ойын автоматы
619
Картинг
жүзеге асырылмайды
Лото ойындарын ұйымдастыру
жүзеге асырылмайды
Басқа 5. Қызметтің жекелеген түрлеріне арналған сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақының айлық көлемі
Аудандық мәслихат сессиясының
2008 жылғы 22 шілдедегі
№7-2 шешіміне
3 қосымша
Қызметтің жекелеген түрлеріне арналған сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақының айлық көлемі
Жарнаманың түрлері
Қүндық мәні (теңге)
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа да тұрақты жарнамалар объектілерін орналастыру үшін көлемі 3 шаршы метрге дейін
1075
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа да тұрақты жарнамалар объектілерін орналастыру үшін көлемі 3 шаршы метрден 5 шаршы метрге дейін
2102
Плакаттар, стенділер, жарық түсіретін табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және баска да тұрақты жарнамалар объектілерін орналастыру үшін көлемі 5 шаршы метрден және одан жоғары
3177