О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2006 года № 6 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидиялар төлеу ережесiн және Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi 2006 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 1, 5-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн дизель отынын сатып алуға субсидия төлеу ережесiнде: 2-тармақта: "2006 жылдың" деген сөздерден кейiн "күздiк дақылдарын өсiру," деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ "және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша 1 гектарға арналған субсидияның нормасын анықтайды" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта: бiрiншi абзацта "аяқталғаннан кейiн" деген сөздерден кейiн ", ал күздiк дақылдар жөнiнде нақты өскiн бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi"; жетiншi абзац алынып тасталсын; 12-тармақта "екi апта мерзiмде" деген сөздерден кейiн "күздiк дақылдарды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын; 13-тармақта "тiзiмiне енгiзудi" деген сөздерден кейiн "күздiк дақылдарды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын; 14-тармақта "қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн" деген сөздерден кейiн "күздік дақылдарды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi 2006 жылдың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге арналған дизель отынымен қамтамасыз ету ережесiнде: 5-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi"; көрсетiлген қаулыға 1 және 3-қосымшалар осы қаулыға қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. 2006 жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзуге сатып алынған дизель отыны үшiн субсидия алуға өтiнiм
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 27 маусымдағы N 580 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысына 1-қосымша __________ ауданының ведомствоаралық комиссиясына 2006 жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзуге сатып алынған дизель отыны үшiн субсидия алуға өтiнiм 1. _______________________________________ негiзiнде әрекет ететiн (құрылтай құжаты) __________________________________________________________________ (Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) атынан бiрiншi басшы _____________________________________________ (T.А.Ә., лауазымы) осы арқылы көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге сатып алынған және пайдаланылған әрi күзгi дала жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тонна мөлшерiндегi дизель отынына субсидия бөлу туралы мәлiмдейдi. Сатып алынған және сатып алынатын дизель отыны ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн ғана пайдаланылады. 2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _____________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 3. Өтiнiмге мыналар қоса берiледi: заңды тұлғаны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн әкiмнiң шаруа қожалығын құруға арналған шешiмнiң көшiрмесi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi; Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi; статистикалық картаның көшiрмесi; дизель отынын жеткiзу шарты, шот-фактура, төлем құжаттары, тауар-көлiк жүкқұжатыЪ және басқа да растайтын құжаттар; банктiк деректемелер. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң заңды мекен-жайы және банктiк деректемелерi: _______________________ (Т.А.Ә., қолы, мөр)
Басқа 1. Субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң жиынтық тізiмi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 27 маусымдағы N 580 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 6 қаулысына 3-қосымша "Бекiтемiн" аудан әкiмi ____________________ (Т.А.Ә. қолы, мөрi) 2006 жылғы "___"_____ Субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң жиынтық тізiмi Р/с N Ша­руа- шы­лық- тар­дың ата­уы Күздiк да­қыл­дар- ды қо­са ал­ған­да ВАК ак­тiсi­мен қа­был- дан­ған егiс ала­ңы, га Да­қыл- дар­дың түр­лерi бой­ын­ша 1 га-ға ди­зель оты­ны шы­ғы­сы­ның нор­ма­ти­ві, кг/га Күздiк да­қыл­дар­ды өсi­ру, көк­тем­гi егiс және егiн жи­нау жұ­мыста­рын жүр­гi­зу үшiн қа­жет­ті­лі­гi, тон­на, (3-бағ. х 4-бағ.) 1 гек­тар­ға ар­нал­ған суб­си­ди­я­ның нор­ма­сы,* тең­ге Тө­ле­ну­ге тиiс cуб­си­дия- ның кө­ле­мi, тең­ге (3-бағ. х 6-бағ.) 1 2 3 4 5 6 7 * - ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi бойынша 1 гектарға арналған субсидияның нормасын облыс әкiмi белгiлейдi BAК төрағасы _____________ аудан әкiмiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi (қолы, Т.А.Ә.) _____________________________________ ВАК мүшелерi ______________ (қолы, Т.А.Ә.) (қолы, Т.А.Ә.) ______________ (қолы, Т.А.Ә.) M.О.