О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Договор о Комиссии Таможенного союза от 6 октября 2007 года Қолданыста
Басқа 0
2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 15-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Шарттың 6-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кеден одағының және оның органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия жекелеген мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау мен ұстанымдарын келісу, сондай-ақ Комиссияға тиісті ұсынымдар дайындау үшін үйлестіруші және консультативтік органдар құруға құқылы.".
Бап 2. 2-бап
2-бап
Шарттың 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап
Комиссияның міндетті сипаты бар шешімдері ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді, ал жедел реттеуді талап ететін ерекше жағдайларда Комиссия шешімінде оның күшіне енуінің өзге, бірақ мұндай шешімнің ресми жарияланған күнінен бұрын емес мерзімі белгіленуі мүмкін.".
Бап 3. 3-бап
3-бап
Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Тараптардың кез келгені дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беруге құқылы.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
Осы Хаттама Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарийге берген күннен бастап күшіне енеді.
2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Президенті А.Г. Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Д.А. Медведев қол қойған осы мәтіннің толық және "2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама" 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 68 ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғарғы органы) шешімі түпнұсқасының көшірмесіне сай екендігін растаймын.
Түпнұсқаның данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады.
Барлық 4 бет тігілген,
қолтаңба мен мөртаңбасы
қойылған
Осымен 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.