О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 6 сентября 2007 года № 237-ОД "Об утверждении форм представления государственными органами, субъектами рынка и их объединениями данных в регулирующий орган для проведения им анализа соответствующих товарных рынков в целях обеспечения недискриминационного доступа к товарам (работам, услугам) и инфраструктуре субъектов товарных рынков" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 237-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 1 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 237-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде N 4972 нөмірмен тіркелген, "Заң" газетінде 2007 жылғы 23 қарашадағы N 180 нөмірінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: 2-тармақта : "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне" деген сөздерден кейін "және оның аумақтық органдарына" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының шекараларындағы тиісті тауар нарықтарында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін нарық субъектілері және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тиісті аумақтық органдарына деректер береді. Екі және одан көп облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының шекараларындағы тиісті тауар нарықтарына қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін нарық субъектілері және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне деректер береді.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
Тармақша 1
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
­4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілген: Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі ______________В.С. Школьник 2008 жылғы 12 қараша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________А.Қ. Күрішбаев 2008 жылғы 11 қараша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі ______________С.Н. Ахметов 2008 жылғы 7 қараша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі ______________С.М. Мыңбаев 2008 жылғы 18 қараша