О внесении изменении и дополнений в постановление акимата Зерендинского района от 6 февраля 2008 года № 49 «Об утверждении перечня организаций, учреждений, виды и объемы общественных работ на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеренді ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 49 «2008 жылғы ұйымдардың, мекемелердің тізбесін және қоғамдық жұмыстардың көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 3 хаттамасы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-14-76 тіркелген, аудандық «Бірлік Единство» газетінде 2008 жылы 27 ақпанда жарияланған Зеренді ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 49 «2008 жылғы ұйымдардың, мекемелердің тізбесін және қоғамдық жұмыстардың көлемдерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған қаулымен бекітілген ұйымдардың, мекемелердің тізбесінде және қоғамдық жұмыстар түрінде: реттік нөмірі 31 келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 31 Зеренді ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жануарларды ветеринарлық өңдеуде көмек ету 19 3 12,025 Жергілікті бюджет «Барлығы» кесте жолында «3240.0» саны «3940.0» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қазанынан бері пайда болған құқық қатынастарына таралады.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін әрекетке енгізіледі.